1
kk
Мазмұны
1. Қауіпсіздік шаралары
Ескертпе:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы «Сымды қашықтан басқару пульті» тіркесі тек PAR-41MAA қатысты. Егер басқа қашықтан
басқару пульті туралы қандай да бір ақпарат қажет болса, қосымша қашықтан басқару пультімен бірге берілген пайдалану бойынша
нұсқаулықты қараңыз.
Бұл таңба белгісі тек ЕО елдеріне арналған.
Бұл таңба белгісі 2012/19/ЕО директивасының 14-бабына, пайдаланушыларға арналған ақпарат және IX қосымшасына және/
немесе 2006/66/ЕО директивасының 20-бабына, соңғы пайдаланушыларға арналған ақпарат және II қосымшасына сәйкес келеді.
MITSUBISHI ELECTRIC өнімі қайта өңдеуге және/немесе қайта пайдалануға болатын сапасы жоғары материалдармен және
компоненттермен жобаланып өндірілген. Бұл таңба электрлік және электрондық жабдық, батареялар мен аккумуляторлар мерзімі
біткенде тұрмыстық қоқыстан бөлек утилизациялануы керектігін білдіреді. Егер таңбаның астында таңба (Fig. 1) басылса, бұл
химиялық таңба батареяда немесе аккумуляторда белгілі бір концентрациядағы ауыр металл бар екенін білдіреді.
Бұл келесідей көрсетіледі: Hg: сынап (0,0005 %), Cd: кадмий (0,002 %), Pb: қорғасын (0,004 %)
Еуропалық Одақта пайдаланылған электрлік және электрондық өнімдер, батареялар мен аккумуляторлар үшін бөлек жинау жүйесі бар.
Осы жабдықты, батареяларды және аккумуляторларды жергілікті қоқыс жинау/қайта өңдеу орталығында утилизациялаңыз.
Біз тұратын қоршаған ортаны сақтауға көмектесіңіз!
Ескертпе
Fig. 1
Ескерту:
• Бұл құралдар қалың жұртшылыққа қолжетімді емес.
•
Құрылғыны пайдаланушы орнатпауы тиіс. Құрылғыны орнату үшін
дилерге немесе өкілетті компанияға хабарласыңыз. Құрылғы қате
орнатылса, су ағып кетуі, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Блокты өзгертпеңіз. Бұл өрттің, электр тогының соғуына,
жарақаттануға немесе судың ағуына әкелуі мүмкін.
•
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне ешқандай заттар қоймаңыз.
• Құрылғыға су шашпаңыз және құрылғыны су қолыңызбен
ұстамаңыз. Электр тогы соғуы мүмкін.
• Жанғыш газды құрылғыға жақын шашпаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
• Газ жылытқышты немесе қандай да бір ашық жалыны бар
құралды құрылғыдан шыққан ауаға ұшырайтын жерге қоймаңыз.
Толық емес жану орын алуы мүмкін.
• Жұмыс істеп тұрған кезде сыртқы блоктан алдыңғы панельді
немесе желдеткіш қаптамасын алмаңыз.
•
Ерекше қалыптан тыс шу немесе дірілді байқаған кезде, жұмысты тоқтатыңыз,
қуат ауыстырып-қосқышын өшіріңіз және дилеріңізге хабарласыңыз.
• Кірістеріне немесе шығыстарына саусақтарыңызды,
жапсырмаларды, т. б. еш уақытта салмаңыз.
•
Егер басқаша иістер анықталса, құрылғыны пайдалануды тоқтатып, қуат
ауыстырып-қосқышын өшіріңіз де, дилеріңізге хабарласыңыз. Әйтпесе,
құрылғы сынып қалуы, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Бұл кондиционер балалардың немесе ауру адамдардың қараусыз
пайдалануына АРНАЛМАҒАН.
•
Кішкентай балалардың кондиционермен ойнамауын қадағалау керек.
•
Суық агент газы шығып кетсе немесе жылыстаса, кондиционер жұмысын
тоқтатып, бөлмені жақсылап желдетіңіз және дилерге хабарласыңыз.
• Бұл құрылғы дүкендерде, жеңіл өнеркәсіпте және фермаларда
тәжірибелі немесе біліктілігі бар пайдаланушылардың немесе
коммерциялық мақсатта кәсіби емес пайдаланушылардың
пайдалануына арналған.
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар және физикалық, сезу
немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз тұлғалар қауіпсіздікке жауапты тұлғаның
бақылауында болса немесе одан құрылғыны қауіпсіз
пайдалануға қатысты нұсқау алған болса ғана пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Балалар бақылаусыз
тазалау және пайдаланушылық техникалық қызмет көрсету
әрекеттерін орындамауы керек.
• Балалардың құрылғылармен ойнамауын қадағалау керек.
• Егер қауіпсіздікке жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе
одан құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқау алмаған болса, бұл
құрылғы физикалық, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар (балаларды
қоса) тарапынан пайдаланылуға арналмаған.
• Кондиционерді орнату немесе басқа жерге қою не оған қызмет
көрсету кезінде суық агент желілерін толтыру үшін тек сыртқы
блокта жазылған белгілі суық агентті пайдаланыңыз. Оны басқа
суық агентпен араластырмаңыз және желілерде ауаның қалуына
жол бермеңіз.
Егер ауа суық агентпен араласса, онда бұл суық агент желісіндегі
жоғары қысымға себеп болуы мүмкін және жарылыс пен басқа да
қауіптерге әкелуі мүмкін.
Осы жүйеге арналған суық агенттен басқа суық агентті пайдалану
салдарынан механикалық зақым келіп, жүйе ақаулы болып,
құрылғы бұзылады. Ең ауыр жағдайда, ол өнімнің қауіпсіздігіне
елеулі шамада қатер төндіруі мүмкін.
► Құрылғыны орнатпас бұрын, барлық «Қауіпсіздік шараларын» оқып шыққаныңызға көз жеткізіңіз.
► «Қауіпсіздік шараларында» қауіпсіздікке қатысты маңызды пункттер беріледі. Соларды орындаңыз.
► Жүйеге қосылмас бұрын, қуатпен қамту ұйымына хабарлаңыз немесе келісімін алыңыз.
Мәтінде қолданылған таңбалар
Ескерту:
Пайдаланушы жарақат алмауы немесе өліп кетпеуі үшін қадағалануы
қажет сақтық шараларын сипаттайды.
Сақ болыңыз:
Құрылғыға зақым келмес үшін қадағалануы қажет сақтық шараларын
сипаттайды.
Суреттерде қолданылған таңбалар
: Жерге тұйықталуы тиіс бөлігін көрсетеді.
ІШКІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СЫРТҚЫ БЛОКТА БЕЙНЕЛЕНЕТІН ТАҢБАЛАРДЫҢ МӘНДЕРІ
ЕСКЕРТУ
(Өрт қаупі бар)
Бұл таңба тек R32 суық агентіне арналған. Суық агент түрі сыртқы блоктың атау тақтайшасында жазылған.
Суық агент түрі R32 болған жағдайда, бұл құрылғы тұтанғыш суық агентті пайдаланады.
Суық агент ағып, отқа немесе қызып тұрған бөлшекке тисе, одан зиянды газ шығып, өртену қаупіне әкеледі.
Жұмысты бастаудан бұрын, ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫ мұқият оқып шығыңыз.
Жұмыс істеуден бұрын, қызмет көрсету персоналы ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ және ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫ
мұқият оқып шығуы керек.
Қосымша ақпарат ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ, ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ сияқты құжаттарда қолжетімді.
1. Қауіпсіздік шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1
2. Бөлшектердің атауы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2
3. Жұмыс істеу жолы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
6
4. Таймер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
9
5. Күтім және тазалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
6. Ақауларды жою . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
11
7. Сипаттамалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
8. Сериялық нөмірі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
BT79D077H01_03kk.indd 1
4/2/2021 2:35:39 PM
028