![background image](http://html1.mh-extra.com/html/maxwell/mw-1951/mw-1951_instruction-manual_1746346025.webp)
25
ҚАЗАҚ
БЕРІЛГЕН НҰСҚАУЛЫҚТЫ САҚТАП
ҚОЙЫҢЫЗ, ОНЫ КЕЛЕШЕКТЕ
АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ.
АЭРОГРИЛЬДІ БАСҚАРУ
- Аэрогриль жұмысын басқару таймердің
(3), температура реттегішінің (5)
жəне саптың (4) көмегімен жүзеге
асырылады.
- Таймердің сабын (3) бұрап уақыт
орнатылады (60 минутқа дейін).
- Температура реттегішімен (5) азық-
түліктің дайындалу температурасы
беріледі, ол тостағанның (7) ішінде
сақталады.
- Саппен (4) қыздырғыш элементті іске
қосуға немесе ажыратуға болады,
егер сап (4) тік күйінде орналасса,
онда қыздырғыш элемент сөндірілген
болады.
- Көрсеткіш (2) желілік баудың
айыртетігін ашалыққа қосқанда
жанады.
- Көрсеткіш (6) қыздырғыш элементті
іске қосқанда жанады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
• Құрылғыны орамнан шығарыңыз.
• Алғашқы іске қосу алдында, аспаптың
жұмыс істеу кернеуі электр желісіндегі
кернеуге сəйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Тостағанды (7), торларды (8, 9),
қысқыштарды (10) бейтарап жуғыш
затпен жақсылап жуыңыз, шайыңыз
жəне кептіріңіз.
• Қақпақты (1), сақинаны (11) жəне
тіреуді (12) сəл ылғалды матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
• Сақинаны (11) тіреуге (12) орнатыңыз,
тостағанды (7) сақинаға (11)
орнатыңыз, тостағанды (7) қақпақпен
(1) жабыңыз.
• Сапты (4) тік күйіне орнатыңыз, желілік
баудың айыртетігін ашалыққа қосыңыз,
сол кезде көрсеткіш (2) жанады.
• Температура реттегішін (5) сағат тілі
бойынша соңына дейін бұрап, оны
максималды күйіне орнатыңыз.
• Таймердің (3) сабын бұрап , 10 минут
жұмыс істеу уақытын орнатыңыз.
• Сапты (4) көлденең күйіне түсіріңіз,
сол кезде қыздырғыш элемент іске
қосылады жəне көрсеткіш (6) жанады.
Ескерту:
- Алғашқы іске қосқан кезде бөтен
иістің пайда болуы мүмкін, бұл
қалыпты құбылыс.
• Орнатылған уақыт біткеннен кейін,
дыбыстық сигнал дыбыс береді,
аэрогриль сөнеді, көрсеткіш (6) сөнеді.
• Желілік баудың айыртетігін ашалықтан
ажыратыңыз, аспапқа толық
салқындауға уақыт беріңіз жəне
тостағанды (7) қайталап ылғалды
матамен сүртіңіз.
АЭРОГРИЛЬ АЗЫҚ- ТҮЛІКТІ ПІСІРУГЕ
ДАЙЫН.
АЭРОГРИЛЬГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ
ОРНАЛАСТЫРУ
Аэрогрильдің барлық мүмкіндіктерін
оптималды пайдалану үшін төменде
көрсетілген кеңестерді пайдаланыңыз:
• Азық-түлікті торда дайындау алдында,
азық-түлік жабысып қалмау үшін,
торларға өсімдік майын сəл жағу
ұсынылады.
• Азық-түлікті торға салыңыз, бұл
ыстық ауаға азық-түлікті бірқалыпты
қыздырып, оның жан-жағында еркін
қозғалуына мүмкіндік береді, сонымен
бірге азық-түлікті аудару қажеттілігі
туындамайды. Ет немесе балық
тағамдарын торда дайындаған кезде,
холестериннің деңгейі төмендейді
жəне азық-түліктің аллергендігі азаяды.
MW-1951.indd 25
MW-1951.indd 25
14.09.2010 15:11:56
14.09.2010 15:11:56