206
ҚАЗАҚША
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрылғының
функциясын реттеу немесе тексеру алдында,
әрдайым құрылғының өшірулі екеніне және
аккумулятор картриджінің шығарылғанына көз
жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатқан немесе алған кезде құрылғыны және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.
Құрылғыны және аккумулятор картриджін мықтап
ұстамағаннан олар қолыңыздан сырғанап түсіп,
нәтижесінде құрылғының және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жеке жарақат
алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор
картриджін жүктеу кезінде құрылғы мен
аккумулятор арасында, сонымен қатар
аккумулятор қақпағын жабу кезінде құрылғы
мен аккумулятор қақпағының арасында
саусағыңызды қысып алмаңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін құлыптау
қақпағын босатып, аккумулятор қақпағын ашыңыз.
►
Сурет2:
1.
Қақпақ кілті
2.
Аккумулятор қақпағы
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз.
Содан кейін аккумулятор қақпағын жабыңыз.
►
Сурет3:
1.
Түйме
2.
Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін шығару үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғыту арқылы оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
әрқашан толық бекітіңіз.
Әйтпесе ол
құрылғыдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді немесе
айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
күштеп орнатпаңыз.
Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
►
Сурет4:
1.
Индикатор шамдары
2.
Тексеру
түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Индикатор шамдары
Қалған қуат
Жанып тұру
Өшірулі
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятордың қорғаныс жүйесі
жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор
шамы жыпылықтайды.
Құрылғының/аккумулятордың
қорғаныс жүйесі
Құрылғы қорғаныс жүйесімен жабдықталған.
Бұл жүйе құрылғы мен аккумулятордың қызмет
ету мерзімін ұзарту үшін, қуат көзін автоматты
түрде өшіреді. Егер құрылғы немесе аккумулятор
төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса,
құрылғы жұмыс барысында автоматты түрде
тоқтайды.
Зарядтың шамадан тыс
таусылуынан қорғаныс
Аккумулятордың қалған қуаты төмендегенде, жарық
диодтың бөліктерінен басқа жарық диодты шамдары
сөнеді. Кейін жүйе автоматты түрде қуатты өшіреді.
Бұл жағдайда аккумулятор картриджін құралдан
алып, зарядтаңыз.