204
ҚАЗАҚША
Аккумулятордың жұмыс істеу уақыты
Келесі кесте Makita компаниясының кейбір аккумулятор картридждерін қамтиды. Толықтай зарядталған
аккумулятордың есептелген жұмыс істеу уақыты келесі кестеде көрсетілген:
Үлгісi
Аккумулятор картриджі
Ауа ағынының жылдамдығы
Төмен
Орташа
Жоғары
DCF203
BL1460B
770 мин
445 мин
275 мин
BL1860B
1155 мин
700 мин
430 мин
Белгілер
Төменде жабдықта пайдаланылған белгілер көрсетілген.
Қолданар алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Ni-MH
Li-ion
Тек ЕО елдері үшін
Электр жабдығын немесе аккумулятор
блогын тұрмыстық қоқыспен бірге
тастамаңыз! Электрлік және электрондық
жабдықтар мен батареялар және
аккумуляторларды кәдеге жарату және
батареялар мен аккумуляторлардың
қалдықтары және оларды ұлттық
заңнамаға сәйкес қолдану еуропалық
директиваларына сәйкес қызмет ету
мерзімі аяқталған электрлік жабдықтар
мен аккумуляторлар және аккумулятор
блок(тар)ы бөлек жиналып, қоршаған
ортаға зиян келтірмейтін қайта өңдеу
мекемесіне қайтарылуы керек.
Тек ЕО елдері үшін
Осы өнімді тиісінше кәдеге жарату
Бұл белгі осы өнімді ЕО аумағында
басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге
кәдеге жаратуға болмайтындығын
көрсетеді. Қоршаған ортаға немесе адам
денсаулығына қалдықтарды бақылаусыз
жоюдан болатын ықтимал зиянды
болдырмау мақсатында материалдық
ресурстарды тұрақты қайта пайдалануға
ықпал ету үшін оларды жауапты түрде
қайта өңдеңіз. Пайдаланылған құрылғыны
қайтару үшін қайтару және жинау жүйелерін
пайдаланыңыз немесе өнім сатып алынған
сатушыға хабарласыңыз. Олар бұл
өнімді экология үшін қауіпсіз қайта өңдеу
мақсатында қабылдауы мүмкін.
Қолдану мақсаты
Құрылғы ауа ағынын тудыру үшін жасалған.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Ауыр жарақаттың алдын алу үшін пайдалану алдында
барлық ескертулер мен нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз.
Бұл нұсқаулық қауіпсіздік ескертулерін және
сақтық шараларын, құрастыру, пайдалану,
тексеру және техникалық қызмет көрсету
процедураларын қарау үшін қажет. Осы
нұсқаулықты болашақта пайдалану үшін қауіпсіз
және құрғақ жерде сақтап қойыңыз.
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ
МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
Электр құрылғыларын пайдалану кезінде негізгі
сақтық шараларын, соның ішінде келесі шараларды
әрдайым орындау қажет:
ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
АЛДЫНДА БАРЛЫҚ
НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ
Өрт, ток соғу немесе жарақат алу қаупін азайту үшін:
1. Құралды жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Бөлме ішінде сақтаңыз.
2. Құралды ойыншық ретінде пайдалануға
болмайды. Құрал балалардың жанында
пайдаланылған кезде, мүлдем қараусыз
қалдырмаңыз.
3. Құралды тек осы нұсқаулықта көрсетілгендей
пайдаланыңыз. Өндіруші ұсынған
қондырмаларды ғана пайдаланыңыз.
4. Зақымдалған аккумуляторды пайдаланбаңыз.
Құрылғы түсіп қалу, зақымдалу, далада
қалу немесе суға түсіп кету салдарынан
жұмыс істемесе, оны біздің қызмет көрсету
орталығымызға қайтарыңыз.
5. Құрылғыны су қолмен ұстамаңыз.
6. Саңылауларды кез келген затпен жаппаңыз.
7. Шаш, кең киім, саусақ және дененің басқа
барлық бөліктерін саңылаулар мен қозғалмалы
бөлшектерге жақындатпаңыз.
8. Аккумуляторды алмас бұрын, барлық басқару
элементтерін өшіріңіз.
9. Өндіруші қамтамасыз еткен АТ адаптері мен
зарядтау құрылғысын ғана пайдаланыңыз. Бұл
құрылғыға сәйкес келетін керек-жарақтарды
басқа құрылғылармен пайдаланған кезде қауіп
төнуі мүмкін.
10. Аккумулятор картриджін сыртта зарядтамаңыз.
11. Өрттен және ыстық температурадан сақтаңыз.
12.
Электр құралын айналасында тез тұтанатын
сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты
заттардан тұратын ашық жалын, шірінділер
ортасында немесе жарылыс қаупі бар орталарда
пайдаланбаңыз. Құрылғы шаңды немесе газды
тұтандыратын ұшқындар шығарады.
13. Құрылғыны жуынатын бөлме сияқты ылғалды
орталарда еш уақытта пайдаланбаңыз.
14. Бұл құрылғы тек ғимарат ішінде пайдалануға
арналған. Құрылғыны ғимарат сыртында
пайдаланбаңыз.