
3.2. Шығарылатын блогы болмайтын модельдер үшін (бір шамды шамшырақтар).
3.2.1. Желілік сымды кабельдік қысқыш арқылы өткізіп және көрсетілген поляризацияға
сәйкес клеммалы қалыпқа қосу керек (клеммалы қалып шамшырақ корпусында болады).
4. Шамды (шамдарды) бекіту керек. Одан кейін шашыратқышты орнату керек.
5. Резервті қоректендіру блогы бар шамшырақтар үшін: желілік сымдарды L1-ге, N1
көрсетілген поляризациямен (немесе тікелей шам патронының контактілік қысқыштарына)
жалғау керек. L2, N2 контактілік қысқыштарға батареяның үздіксіз зарядталуын қамтамасыз
ететін қоректендіруші сымдарды жалғау керек.
6. TELEMANDO құрылғыны пайдаланып, тексеру СЫНАҚТАРЫН өткізу TELEMANDO (TM)
құрылғыны қосу арқылы тексеру сынағын өткізу мүмкіндігі бар. ON (Қосу) түймені
(Telemando құрылғысында) басқанда қуат көзі пайда болса, шамдал апаттық режиміне
қосылып, ON (Қосу) түймені қайтадан басқанша осы режимінде жұмыс істей береді.
Telemando құрылғысы 35 шамдалдарға (қосылу сұлбасын қараңыз) қызмет көрсете алады.
OFF (өшіру) түймесі пайдаланылмайды.
7. Апаттық жарықтандыруды қашықтықта сынау және бақылау TELEMANDO құрылғысын
қатты бір тамырлы, қимасы 1-1,5 мм және максималды ұзындығы 250 м сыммен қосу қажет.
Құрылғысын қосқан кезде таңбаламада белгіленген полярлықты қатаң
8. Аспалы төбеге алдын ала дайындалған саңылауға шамшырақтарды орнату керек.
9. Шағылдырғышты (болған жағдайда) орнатып және шамды (шамдарды) орнату керек.
10. Серіппенің көмегімен (шығып тұратын шыныны - бұранда немесе серіппе көмегімен)
корпусқа бекітіп, шашыратқышты (жақтауды) бекіту керек.
11. Ішкі электрлік жалғау сызбалары ЭІРА корпусында келтірілген.
12. Шамшырақ корпусы мен төбедегі ойық арасында кем дегенде 25 мм ауа аралығы
қамтамасыз етілуі керек.
Шамшырақты орнату және қосу жұмыстарын маман - біліктілігі сәйкес
электрмонтаждаушы орындауы керек.
18