8
Дұрыс пайдаланбаудан, оның ішінде әдейі майыстырудан
немесе өнімге ұзақ уақыт күш салудан болған зақымдар
телефон дисплейінің және/немесе басқа бөлшектері мен
функцияларының зақымдалуына алып келуі мүмкін.
•
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
•
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не
жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің
функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
•
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
•
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
•
Түсіріп алмаңыз.
•
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
•
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде телефонды
сөндіріңіз. Мысалы, телефонды емханаларда пайдаланбаңыз,
өйткені ол медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
•
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға
болмайды. Бұл ток соғуына себеп болып, телефонды қатты
зақымдауы мүмкін.
•
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз,
өйткені гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
•
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш
немесе спирт қолданбаңыз).
•
Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
•
Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар