12
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1
Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005%, кадмий 0,002% немесе
қорғасын 0,004% мөлшерінен артық болса, бұл таңбамен бірге сынап
(Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасынның (Pb) химиялық таңбалары берілуі
мүмкін.
2
Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан бөлек,
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген арнайы
жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған
ортаға, жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін
зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
4
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау туралы толық
ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді
сатып алған дүкеннен алуға болады.
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау
1
Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық қоқыстан бөлек,
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген арнайы
жинау орындарына өткізілуі тиіс.
2
Ескі құралды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған орта және адам
денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
3
Ескі құралды қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала әкімшілігінен,
қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнім сатушыларынан алуға болады.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес
қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға
арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің
қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық
код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының
белгісімен толықтырылуы мүмкін.