66
Бейнені ойнату
1
Негізгі экраннан сақтау орнына сақталған бейнелерді көру үшін
Қосымшалар пернесі
>
Галерея
түймесін түртіңіз.
X
Басқа альбомдарды көру үшін солға-оңға өтіңіз.
2
Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз.
(Альбомдағы суреттер мен бейнелер хронологиялық ретпен
көрсетіледі.)
3
3. Ойнату үшін альбомдағы бейнені түртіңіз.
X
Ойнатуды басқару элементтерін көру үшін бейнені түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ.
Бейне ойнап тұрғанда, экран ашықтығын түзету үшін
экранның сол жағын жоғары-төмен сырғытыңыз. Бейне ойнап тұрғанда,
дыбыс деңгейін түзету үшін экранның оң жағын жоғары-төмен
сырғытыңыз. Бейне ойнап тұрғанда, кіші экраннан бейненің сол бөлігін
көру үшін уақыт шкаласының нүктесін түртіңіз. Бейненің сол бөлігіне
өту үшін кіші экранды түртіңіз. Бейне ойнап тұрғанда, жылдам алға
және кері айналдыру үшін саусағыңызды солдан-оңға қарай (немесе
керісінше) сырғытыңыз.
Шынайы масштаб
Шынайы масштаб функциясы қажетті бөлікті үлкендеу не
кішілеу етіп көрсету үшін ойнатылып жатқан бейненің бір бөлігін
үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік береді.
Бейнені көріп жатқанда, үлкейту немесе кішірейту үшін сұқ саусақ
пен бас бармақтың көмегімен шымшу немесе жаю қимылдарын
орындаңыз.
Камера және бейне