39
Экранның жоғарғы жағында көрсетілген белгішелер құрылғының
күйі туралы ақпарат береді. Төмендегі кестеде тізілген белгішелер
ең жиі пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ:
күй жолағындағы белгішелердің орны функцияға немесе
қызметке сай басқаша болуы мүмкін.
Қос SIM картасын пайдалану
Телефонға екі SIM картасын салынғанда, SIM карталары туралы
мәліметтер хабарландыру тартпасында көрсетіледі. SIM картасын
ауыстыру пернесін басқанда, ағымдағы белсенді SIM картасы
қосылады.
ЕСКЕРТПЕ:
тек бір SIM картасы салынса немесе бір SIM картасы
өшірулі болса, SIM картасын ауыстыру мүмкін болмайды және SIM
картасын ауыстыру пернесі әрекетсіз болады. Қоңырау, хабар жіберу
немесе деректер қызметін пайдалану кезінде басқа SIM картасының
RSSI көрсеткіші желі қызметінің күйіне байланысты «No service»
(Қызмет жоқ) деп көрсетілуі мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Қызмет көрсету аясынан тыс жерде болсаңыз, бұл құрылғының көп
батарея қуатын тұтынуына себеп болуы мүмкін.