40
Негізгі экран
ЕСКЕРТПЕ.
Күй жолағындағы белгішелердің орны функцияға немесе
қызметке сай басқаша болуы мүмкін.
Экрандағы пернетақта
Мәтінді экрандық пернетақта арқылы енгізуге болады. Экрандағы пернетақта
мәтін енгізу керек болғанда экранда автоматты түрде пайда болады.
Пернетақтаны қолмен көрсету үшін мәтін енгізетін жердегі мәтін жолын
түртіңіз.
Пернетақтаны пайдалану және мәтін енгізу
Енгізілетін келесі әріпті бас әріпке өзгерту үшін бір рет түртіңіз. Барлық
әріптерді үлкейту үшін екі рет түртіңіз.
Санды және таңбалы пернетақталарды ауыстыру үшін түртіңіз.
Пернетақтаның баптауларына өту үшін түртіңіз. Клип науасына өту үшін
басып тұтыңыз немесе мәтінді дауыспен және қол жазуымен енгізіңіз.
Бос орын енгізу үшін түртіңіз.
Жаңа жол жасау үшін түртіңіз.
Алдыңғы таңбаны жою үшін түртіңіз.