42
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
адаптерлерді, ұзартқыштарды және үш тармақтарды пайдаланбаңыз.
• Электрлік қуат беру баусымын ауыстыру қажет болған кезде, оның қолданыстағы
стандарттарға сәйкес келетіндігіне және бұйымның техникалық сипаттамалары-
на сай келетіндігіне көз жеткізіңіз.
• Пайдаланар алдында мұздату ларін сода ерітіндісімен мұқият жуыңыз және
жұмсақ матамен құрғағанша сүртіңіз. Алынбалы себеттерді сәйкес орындарға
орнатыңыз.
ОРНАЛАСТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Аспапты қоршаған ортаның температурасы мұздатқыш ларьдің климаттық кла-
сы туралы таңбалауға сәйкес келетін орынжайға орналастырыңыз.
ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ
Аталған тұрмыстық аспап электрлік қуат беру баусымына орнатылған жерге
тұйықтау ашасымен жабдықталған. Сондықтан қысқаша тұйықталулардан қорғау
үшін оны сәйкес электрлік розеткаға қосу керек.
Электр жүйесін орнату, жалғау және жерге тұйықтау еуропалық стандарттардың
ережелеріне, сондай-ақ қолданыстағы жергілікті нормативтерге сәйкес келуі тиіс.
Жерге тұйықтау кабелі ажыратқышпен айырылмау керек. Егер сіздің пәтеріңізде
жерге тұйықтау қарастырылмаған болса, оны орнату үшін білікті электрикке
жолығыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымға техникалық қызмет көрсетер алдында
электрлік қуат беру көзін толықтай айырған жөн.
ҚОСУ
• Тасымалдағаннан кейін май компрессорда таралу үшін, мұздатқыш ларьді
электр желісіне кемінде 6 сағат өткеннен соң қосу ұсынылады.
• Қосқаннан соң мұздатқыш ларь жаңа немесе мұздатылған азық-түліктерді
салғанға дейін алдымен 2-4 сағат жұмыс істеу керек.
• Электр энергиясы кенеттен сөніп қалған кезде, қоршаған ортаның жоғары темпе-
ратурасы жағдайларында мұздатқыш ларь бірнеше сағат бойы азық-түліктердің
сақталуын қамтамасыз етеді. Осы уақытты көбейту үшін, есікті барынша аз ашу
және камераға жаңадан тамақтар салмау ұсынылады.
Климаттық класс
Қоршаған ортаның
температурасы
Орынж айдың сипаттамалары
N
Субқалыпты
+10°C-ден +32°C-ге
дейін
Көптеген аумақтар үшін келеді. Бірақ сіздің елді-
мекеніңізде жазда температура +32°C-ден жоғары көтерілсе,
салқындатқыш аспапты тек желдетілетін орынжайда
пайдалануға болады. Қыста орынжай жылытылуы керек.
SN
Қалыпты
+16°C-ден +32°C-ге
дейін
Нашар жылытылатын орынжайлар үшін келеді: салқын
дәліздер, жертөлелер.
ST
Субтропикалық
+16°C-ден +38°C-ге
дейін
Жазда ауа температурасы +32°C-ден жоғары болатын оңтүстік
аймақтар үшін келеді.
T
Тропикалық
+16°C-ден +43°C-ге
дейін
Ыстық климатқа және салқындатқыш аспап күн жақтағы
шағын орынжайларда пайдаланылған жағдайда келеді.