KAZ
34
• Жұмысты аяқтаған соң бірден, cөндіру батырмасы «Stop&Reset» (1A)
күйіне келтіріп аспапты өшіріңіз, электр желіден ажыратыңыз, және тек
осыдан кейін еттартқышты бөлшектеуге кірісіңіз.
Тазалау және күтім көрсету
• Еттартқыштың сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз және қозғалтқыштың
толық тоқтағанына көз жеткізіңіз.
• Аспапты электр желіден ажыратыңыз.
• Еттің қалдықтарын алып тастаңыз.
• Еттартқышты бөлшектеңіз: шығыршықты гайканы (14) сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, саптамалар (15,16), торды (10,11,12), айқас
пышақ (9) пен шнекті (8) шығарыңыз (12-сурет).
• Бекіткіш түймені (3) басыңыз, еттартқыш бастиегін сағат тілі
бағытында бұрыңыз да, бастиекті шешіп алыңыз. Итергішті (5) және
астауы (6) алыңыз (13-сурет).
• Саптамаларды, торды, айқас пышақ, шнек пен жұмыс блогын жылы
сабынды суда мұқият жуыңыз.
• Бәрін мұқият кептіріңіз.
• Қозғалтқыш бөлігін суға салмаңыз, еттартқыштың корпусын ылғалды
шүберекпен сүртіңіз!
• Кепкен жабдықтарды (торлар, пышақ) сақтауға алып қоюдан бұрын
оларды тот басудан қорғау үшін жұқалап өсімдік майымен майлаған
жөн.