52
kz
Бекіткіштер екі қысқыш орнына
құлыпталуы тиіс, әйтпесе мотор
айналғанда тегеш қақпақшасы да айналып
кетуі мүмкін.
3.
Мотор бөлігінің төменгі жағын тегеш
қақпақшасына салып, құлыптау үшін сағат
тілі бағытымен бұраңыз.
4.
Розеткаға қосыңыз.
5.
Тағамды салу түтігіне қойып, тағам
итергішімен ақырындап итеріңіз. Күштеп
итермеңіз.
6.
Қажетті жылдамдықты таңдау үшін
жылдамдықты реттеу тетігін бұраңыз.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып, ұстап
тұрыңыз, сонда шабу қосымшасы дереу
шаба бастайды. Жоғары жылдамдықпен
өңдеу үшін ТУРБО түймесін аз уақыт
қолданыңыз.
Жылдамдықты реттеу тетігін ТУРБО
түймесімен қолдануға болмайды.
Кесу дискі толығымен тоқтағанша
қақпақшаны алушы болмаңыз.
Турау немесе кесу қосымшаларын
қолданған кезде өте қатты тағам
(мысалы, қатты шоколад), мұз немесе
мұздатылған тағам салушы болмаңыз.
КЕҢЕСТЕР
•
Турау жағын сәбіз, картоп және оған ұқсас
тағамдар үшін қолданыңыз.
•
Кесу жағын сәбіз, қырыққабат, қияр, кәді
және пияз үшін қолданыңыз.
•
Тұрып
қалмаған
ингредиенттер
қолданыңыз.
•
Тағамды өте ұсақ қылып кеспеңіз. Салу
түтігінің еніне сәйкес болғаны дұрыс.
Әйтпесе, өңдеу кезінде тағам ортадан
тегештің жанына сырғып кете береді.
САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ (F)
Қолданбаған кезде алынбалы өзекті, былғау
қосымшасын және мотор бөлігін тегеш
қақпағында сақтауға болады.
Дискілерді сақтау үшін тегеш ішіне
салған кезде кескіш жиектері тегештің
ішін сызбайтынына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Тазаламас бұрын токтан ағытыңыз.
1.
Блендер қосымшасы мен қақпақшаларды
абразивті тазалағыш зат немесе жуғыш
зат қолданбай су ағынында жуыңыз.
Тазалағаннан кейін ішіне кіріп кеткен су
ағып кетуі үшін оларды тік қойыңыз.
Блендер мен қақпақшаларды суға
салмаңыз, себебі мойынтіректердегі
май ағып кетуі мүмкін.
2.
Ыдыстар мен былғау қосымшасын
жылы сабынды суда жуыңыз. Ыдыс жуу
машинасында тек шабу тегешін жууға
болады, басқа құрамдас бөліктерді
оның ішінде жууға болмайды, себебі
ыдыс жуу машинасында ұзақ тазалауға
байланысты кейбір пластмасса бөліктері
бүлінуі мүмкін.
3.
Мотор бөлігін дымқыл шүберекпен
сүртіңіз. Оны суға салушы болмаңыз,
себебі ток соғуы мүмкін.
4.
Тегештің түбіндегі тайғызбайтын табанды
немесе тегешті шешіп алып, тазалауға
болады, бірақ құрылғыны келесі жолы
қолданбас
бұрын
оларды
салуды
ұмытпаңыз.
5. Алынбалы
бөлшектерді
жақсылап
кептіріңіз.
Жүздер өте өткір, сондықтан абайлап
ұстаңыз.
КЕҢЕС
Өңдеу
жұмыстары
арасында
жылдам
тазалау үшін кесені немесе тегешті жартылай
сумен толтырыңыз, қол блендерін қолдану
бөліміндегі сипаттамаға сәйкес жинаңыз, одан
кейін бірнеше секунд оны араластыру немесе
шабу үшін қолданыңыз.