![Hilti Nuron C 6-22 Original Operating Instructions Download Page 260](http://html.mh-extra.com/html/hilti/nuron-c-6-22/nuron-c-6-22_original-operating-instructions_2134932260.webp)
254 Қазақ
2275224
*2275224*
▶
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары
температураға дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады.
▶
Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды
пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз.
Аккумуляторларда
зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
▶
Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды
пайдаланбаңыз.
▶
Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын
соқпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
▶
Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі,
жоғары
температура, ұшқын немесе ашық жалын әсерін тигізбеңіз. Бұл
жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
▶
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе
басқа да электр тогын өткізетін бөгде заттармен тимеңіз. Бұл
аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі
және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶
Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ
ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу,
өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶
Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар
мен электр құралдарын пайдаланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану
бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз.
▶
Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз.
▶
Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы
мүмкін.
Аккумуляторды тұтанғыш материалдардан жеткілікті
қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге
қойыңыз. Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін
әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның ақаулы екендігін білдіреді.
Hilti
қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік
және
Hilti
Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты
құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және
пайдалану үшін қолданылатын арнайы директиваларды
ескеріңіз.
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы
QR кодын сканерлеу арқылы табуға болатын
Hilti
Li-Ion
аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану
бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз.
Summary of Contents for Nuron C 6-22
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 ...
Page 5: ...ko 오리지널 사용 설명서 329 zh 原廠操作說明 339 cn 原版操作说明译文 348 he ה ו ר א ו ת ה פ ע ל ה מ ק ו ר י ו ת 357 ...
Page 6: ......
Page 372: ...366 ע ב ר י ת 2275224 2275224 ...
Page 373: ......
Page 374: ......
Page 375: ......
Page 376: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 1 20211206 2275224 2275224 ...