Ұйғарымдайтын белгілер
Қорғауыш
көзілдірікті
қолданыңыз
Қорғауыш
касканы
қолданыңыз
Қорғауыш
құлаққапты
қолданыңыз
Қорғауыш
қолғаптарды
қолданыңыз
Пайдаланар
алдында
пайдалану
бойынша
нұсқаулықты
оқу қажет
Идентификациялық
мәліметтердің
аспапта
орналасуы
Түрі мен серияның белгілері сіздің аспабыңыздың
зауыттық кестешесінде орналасқан. Осы мәліметтерді
сіздің пайдалану бойынша нұсқаулығыңызға енгізіңіз,
өзіңіздің өкілдігіңізге немесе сервис қызметіне
жүгінген кезде, әрқашан осы мәліметтерге сүйеніңіз.
Түрі:
Сериялық нөмірі:
3 Сипаттамасы
3.1 Тағайындалуы бойынша пайдалану
Аспап құрылыста кәсіби қолдануға арналған. Ол бекіту элементтерін болатқа қағу үшін қызмет етеді.
Құралды тек қолмен пайдалануға рұқсат беріледі.
Аспаптың конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
Арнайы сертификаты болмаса, аспапты жарылу қаупі бар немесе оңай тұтанатын ортада қолдануға болмайды.
Қызметкерлердің жарақат алуын және аспаптың зақымдалуын болдырмау үшін тек түпнұсқа Hilti компаниясы
шығарған қосымша жабдықты және құралдарды қолданыңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген аспапты пайдалану, күту және техникалық қызмет көрсету
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Аспапты басқа мақсатта қолдану және оны оқытылмаған қызметкерлердің пайдалануы қауіп тудырады.
Аспапты пайдалануға тек тиісті нұсқаулар беруден кейін уәкілетті қызметкерлерге рұқсат етіледі. Қызметкерлер
құрамы қауіпсіздік ережелерімен таныс болуы тиіс.
Барлық оқ-дәрі құрастыру аспаптары сияқты бұл аспап, қорап, патрондар және қолданылатын бекіту
элементтерібіртұтас техникалық жүйені құрайды. Бұл осындай жүйенің көмегімен оптималды бекіту тек арнайы
оған арналған бекіту элементтері мен патрондарды немесе сапасы баламалы бұйымдарды қолданғанда ғана
сенімді бола алатынын білдіреді. Осы шарттарды сақтағанда Hilti компаниясы берген бекіту және қолдану
бойынша ұсыныстар ғана қолданылады.
Аспаптың 5 қорғау дәрежесі бар. Оператордың және оның жанындағы тұлғалардың қауіпсіздігі үшін.
3.2 Піспек тежелуі бар піспектік әрекет ету принципі
Заряд энергиясы піспекке беріледі. Оның тездетілген массасы бекіту элементін негізге қағады. Піспектік
принципті қолдану аспапты төмен жылдамдықты аспап ретінде жіктеуге мүмкіндік береді. Піспек кинетикалық
энергияның шамамен 95 %-ын шегеге береді. Піспек кез келген жағдайда тоқтатқыш сақинаның әсерімен өз
жолының соңында тоқтайды, артық энергия аспап ішінде таралады. Осылайша, аспапты дұрыс қолданғанда
қауіпті тесіп өтетін енулер болмайды дерлік.
3.3 Аспап құлағанда кездейсоқ іске қосылудан қорғау
Жіберу механизмі мен аспапты басу жүрісі өзара байланысты болғандықтан, аспап құлаған кезде атудан қорғау
қамтамасыз етіледі. Сондықтан аспап қатты бетке кез келген бұрышпен ұрылғанда дәрінің тұтануы орын алмайды.
3.4 Пистолет тартпасының сақтандырғышы
Пистолет тартпасының сақтандырғышы пистолеттің тартпасын жай басқандағы ату механизмінің іске қосылуына
кедергі жасайды. Құрастыру тек аспап жұмыс бетіне толық басылған кезде мүмкін.
kk
206
Printed: 30.05.2016 | Doc-Nr: PUB / 5069849 / 000 / 04