![Electrolux ENN2914COW User Manual Download Page 61](http://html.mh-extra.com/html/electrolux/enn2914cow/enn2914cow_user-manual_93649061.webp)
Функцияны кез келген уақытта функция
түймешігін басып("Функциялар мәзірі"
тарауын қараңыз)ажыратып қоюға болады.
АРТЫҚ ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫ
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның көбейгенін(мысалы, электр
қуаты өшкен кезде)төмендегідей көрінеді:
• температура мәні жыпылықтайды
• тоңазытқыш камерасының көрсеткіші
жыпылықтайды (Тоңазытқыш камерасының
көрсеткіші)
• бейнебет фоны қызыл түске енеді
• дыбысты сигнал естіледі
• ескерту белгішесі көрінеді.
Қалыпты жұмыс режимі орнағанда:
• дыбысты сигнал өшеді
• температура мәні жыпылықтауын
жалғастырады
• бейнебет фоны қызыл қалпы қалады.
Дыбысты сигналды өшіру үшін функция
түймешігін/ескерту сигналын бастапқы
қалыпқа көшіру түймешігін басқан кезде,
камера ішінде орын алған ең жоғарғы
температура
көрсеткішінде бірнеше
секунд көрсетіліп тұрады.
Осы кезде жыпылықтау тоқтайды да,
бейнебет түсі қызыл түстен ақ түске ауысады.
Ескерту циклі орын алып тұрған кезде
функция түймешігі/ескерту сигналын қайтару
түймешігі арқылы дыбысты сигналды өшіріп
қоюға болады.
Тағамды сақтауға болатын қалыпты жағдай
орын алғанша бейнебет фоны қызыл болып
жанып тұрады.
ҚАЗАҚ
61