
34
Қазақ тілі
• Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтау керек. Осы нұсқауды оқымаған және
тәжірибесі жоқ адамдарға электр құралын
қолдануға жол бермеңіз. Тәжірибесі жоқ адамның
қолында бұл құрал операторға да оның ортасына
да қауіп тұдыруы мүмкін.
• Құралға дұрыс күтім жасаңыз. Белағаштың
тозуын және жылжымалы бөлшектердің бірігу
тұрақтылығын бақылаңыз және құралдың
бұзылуына әкелетін кез келген ақауларға назар
аударыңыз. Құралдың дұрыс істемеуі, жиі сәтсіз
оқиғалардың себебі.
• Кесетін құрылғылар таза және жақсы
өткірленген болуы керек. Жақсылап бекітілген
өткір шеттері бар кесетін құралдар тұрып қалу
қауібін азайтып құралды басқаруды жеңілдетеді.
• Электр құралдары мен оның жарақаттарын
қолданған кезде осы нұсқаудағы ұсыныстар
тізімін қараңыз. Электр құралдардың ерекше
түрлерімен жұмыс істегенде, жұмыс жағдайлары
мен жасалатын жұмыс түрін еске алып
ұсыныстарды орындаңыз.
Электр құралдарына қызмет көрсету
Электр құралыңызға тек білікті маман ұсынылған
қосалқы бөлшектерді қолданып қызмет көрсетуі
керек. Бұл құрылғыңызды қолданған кезде еңбек
қорғауына кепіл болады.
Қозғалтқыш құралды қолдану барысындағы
қауіпсіздік шаралары
Жұмыс басталғанға дейін
• Бұл электр құралын тек құрғақ кесу / тегістеу
үшін пайдаланыңыз.
• Электр құрал шпинделінің айналым / минут
мәнінен асатын рұқсатты айналым / минут
мәні бар қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
Өндірушінің қосалқы құралдарды қолдануға
қатысты ұсыныстарын орындаңыз.
• Әр түрлі қосалқы құралдарды пайдаланғанда
әрқашан қорғағышты (қорғағыш қап, қорғағыш
тақта, т.б.) қолдану ұсынылады.
• Жарықтары, сынықтары, деформациялары
және басқа ақаулары бар кесу/тегістеу дискілерін
пайдаланбаңыз.
• Кесу / тегістеу дискілерін соққылардан
қорғаңыз, оның майлануына жол бермеңіз.
• Өлшемдері (сыртқы және тесік диаметрлері)
ұсынылғандардан басқаша қосалқы құралдарды
пайдаланбаңыз.
• Бұл электр құралында аралау дискілерін
пайдалануға қатаң тыйым салынады.
• Қабырғаларды немесе аралық қабырғаларды
кескен
кезде
жасырын
өткізгіштің,
су
құбырларының және газ құбырының орындарын
анықтап алыңыз. Үйдегі электр өткізгіштері
немесе қуат желісі бүлінгенде айтырлықтай
жарақат алуыңыз мүмкін.
• Егер жұмыс жоспары бойынша қуат көзіне
зиян келтірмеу мүмкін болмаса, оны токтан
ажыратып тастау керек.
• Жүктеме түсетін қабырғаларды кесуді
бастамай тұрып, тиісті ұйымдардан рұқсат алу
керек
.
Жұмыс кезінде
• Электр құралын дайындамаға тек жұмыс
режимінде жақындатыңыз. Өңдеуді тек қосалқы
құрал ең жоғары жылдамдыққа жеткеннен кейін
бастаңыз.
• Іске қосқанда электр қозғалтқышы тоқтап
қалмасын.
• Электр құралының кері тебуінен (кенет
артқа итеру) сақ болыңыз. Кері тебу ұсыныстар
сақталмаса, кесу дискін бөлікке тым тез
жақындатқанда, дискінің пішіні өзгергендіктен,
т.б. байланысты орын алуы мүмкін. Кері тебу
ықтималдығын азайту үшін әрқашан қосымша
тұқтасын пайдаланыңыз және пайдалану туралы
ұсыныстарды сақтаңыз.
• Жұмыс кезінде орнықтыпозицияны сақтаңыз,
электраспабын екі қолыңызбен ұстаңыз.
• Жұмыс
кезінде
желдету
саңылауларын
қолдармен жаппаңыз.
• Операция кезінде күш кабелінің жағдайын
қадағалап отырыңыз (ол әрқашан құралдың
артқы жағында орналасуы керек). Ол сіздің
қолыңызға немесе аяғыңызға оралмауы керек.
• Қолдарды электр құралының айналатын
бөліктерінен қауіпсіз ары ұстаңыз.
• Кесу дискілерін тегістеу үшін пайдаланбаңыз -
бүйірлік күштің әсері оның бұзылуына әкелуі мүмкін
және оның бөліктері операторға ауыр жарақаттар
тигізуі мүмкін.
• Жұмыс кезінде пайда болатын шаң денсаулыққа
қауіп төндіруі, тұтанғыш немесе жарылғыш
болуы мүмкін; жұмыс орнын уақтылы тазалаңыз
және жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз.
• Жұмыс кезінде ұшқындар және шағын металл
бөлшектер пайда болып, бұлар операторды
немесе жақын жердегі адамдарды жарақаттауы
мүмкін. Әрқашан жеке қорғау құралдарын
(көзілдірік және қорғағыш маска) киіңіз, сонымен
бірге, жұмыс орнын дұрыс реттеңіз.
• Жұмыс кезінде қосалқы құралдардың айналу
бағытын ескеріңіз, электр құралын ұшқындар мен
майда металл бөлшектері киімге немесе теріге
тимейтіндей ұстаңыз.
• Берік бекіту үшін тым жеңіл шағын
дайындамаларды тегістеген кезде, әрдайым
қысқыш аспаптарды қолданыңыз.
• Ешқашан құрамында асбест бар заттарды
тегістемеңіз.
• Егер электр құралы жұмыс кезінде кенет
тоқтаса, электр құралының кездейсоқ іске
қосылуын болдырмау үшін қосу/өшіру қосқышын
өшірулі күйіне бірден жылжытыңыз.
Пайдалануды аяқтағаннан кейін
• Электр құралын өшіруден кейін қосалқы құрал
инерцияға байланысты біраз уақыт бойы айнала
береді. Осы себепті электр құралын айналатын
бөліктері толық тоқтағаннан кейін ғана қою
керек.
• Инерция тудырған қосалқы құралдардың
айналуын шпиндель құлпымен немесе дискілердің
бүйірлік бетіне күш қолданып баяулатуға
қатаң түрде тыйым салынады. Бұл мақсатта
шпиндель құлпын пайдалану электр құралын
істен шығарады және кепілдіктің күшін жояды.
• Жұмыс кезінде кесу/тегістеу дискілері қатты
қызады. Оларға салқындамай тұрып тимеңіз.
Summary of Contents for WS06-115
Page 1: ......
Page 4: ...4 ...
Page 5: ...5 ...
Page 6: ...6 ...
Page 38: ...38 ...
Page 39: ...39 ...
Page 40: ...40 ...
Page 41: ...41 ...
Page 42: ...42 ...
Page 43: ...43 ...
Page 44: ...44 ...
Page 45: ...45 ...
Page 46: ...46 ...
Page 62: ...62 ...
Page 63: ......
Page 64: ...64 ...
Page 65: ...65 ...
Page 66: ...66 ...
Page 67: ...67 ...
Page 68: ......