13
ҚАЗАҚША
• Ауа ағыны режимін таңдау жөнінде жарық
индикаторлары (25) хабарлап тұрады:
«
NA
» – табиғи жел;
«
SL
» – бәсеңдеген жел.
• «Жай желдету» режимі индикаторлар арқылы
көрсетілмейді.
• Ауа ағынын таңдау режимін сөндіру үшін ҚБ (27)
пультінде орналасқан батырмаға (22) «MODE»
басыңыз, осы ретте индикатор (25) сөнеді.
• Желдеткішті өшіру үшін (19) «ON/OFF» түймені
немесе ДБ (27) пультіндегі түймені (19) «POWER»
басыңыз.
• Сіз тегіс жазықтықта желдеткіштің үрлеу бұрышына
сәйкес мотор блогінің (9) күйін өзгерте аласыз,
желдеткіштің еңкею бұрышы қолмен қойылады.
Желдеткіштің еңкею бұрышын өзгерту үшін біраз
күш салып мотор блогін (9) төменгі немесе жоғарғы
бағытқа қарай басыңыз. Желдеткішті еңкейту
барысындағы шертпек – қалыпты құбылыс.
КҮТІМІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ
• Желдеткішті тазалау алдында оны батырмасына (19)
«ON/OFF» немесе ҚБ пультіндегі (27) батырмаға (19)
«POWER» басып сөндіріңіз, желі бауының айырын
розеткадан шығарыңыз.
• Тазалау үшін қажайтын жуғыш заттарды және
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
• Моторлық блокты (9) сәл дымқыл матамен сүртіңіз,
содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Егер қалақтарды (3) тазарту керек болса,
«Желдеткішті жинау» бөліміндегі қадамдарды кері
бағытта қайталап алдыңғы торды (1) шешіп алыңыз,
содан кейін қалақтарды (3) сәл дымқыл матамен
сүртіп жіберіңіз.
• Артқы тордағы (7) бекітпелерді ашыңыз.
• Алдыңғы торды (1) артқысына (7) орнатыңыз және
бекітпелерін жабыңыз.
• Желдеткіштің торларын, тиісті қондырмасын
пайдаланып, шаңсорғышпен тазалауға болады.
• Мотор блогін (9) суға немесе кез келген сұйықтықтарға
батыруға тыйым салынады. Желдеткіштің қатардан
шығып қалуын және электр тогының соғуын
болдырмау үшін, желдеткіштің мотор блогіне (9)
ешқандай сұйықтықтың тиюін болдырмаңыз.
САҚТАЛУЫ
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және
тазалауын жүргізіңіз.
• Қажет болғанда желдеткішті бөлшектеңіз.
• Алдыңғы торды (1) шешіп алыңыз,
сағат тілі
бойынша
бұрап, қалақтар бекіткішін (2) бұрап
шығарыңыз, қалақтарды (3) шешіп алыңыз, артқы
тордың (4) бекіткіш сомынын бұрап шығарыңыз да,
торды (7) шешіп алыңыз.
• Бекіткішті (11) бұрап шығарыңыз және моторлық
блокты (9) жылжымалы қарнағымен (12) шешіп
алыңыз.
• Бекіткішті (17) бұрап алып, қарнақты (14) едендік
тіректен (15) шешіңіз.
• Желдеткішті зауыт қаптамасына салыңыз
және сақтау үшін құрғақ салқын, балалар мен
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
ЖЕТКІЗУ ЖИНАҚТАЛЫМЫ
Желдеткіштің мотор блогі – 1 дн.
Алдыңғы тор – 1 дн.
Қалақтар бекіткіші – 1 дн.
Қалақтар – 1 дн.
Бекітпе бұрандалардың жиынтығы – 1 дн.
Артқы тор –1 дн.
Бекіткіші бар телескопиялық қарнақ – 1 дн.
Едендік тіреу – 1 дн.
Қашықтан басқару пульті – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Желдеткіш
Электр қуаттандыру: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтынатын қуаты: 40 Вт
Қалақтар диаметрі: 36 см
ҚБ пульті
Электр қуаттандыруы: 3 В, қуаттандыру элементі
«СR2025» (жеткізілім жиынтығына кіреді)
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың және
қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың құрамына
кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, оларды
күнделікті тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмай-
ды, аспап пен қуаттандыру элементтерін ары қарай кәдеге
асыру үшін мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша ақпаратты
алу үшін жергілікті муниципалитетке, тұрмыстық
қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне немесе берілген
өнімді Сіз сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдынала хабарламай, аспаптың дизайнын, кон
струкциясы және оның жұмыс қағидатына әсер
етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту құқығын
өзіне қалдырады, соған байланысты нұсқаулық пен
бұйымның арасында кейбір айырмашылықтар болуы
мүмкін. Егер пайдаланушы осындай сәйкессіздіктерді
анықтаса, нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу
үшін сәйкессіздік туралы [email protected] электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы
гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.