
ҚАЗАҚ
11
• Аспапты өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз, жөндеу орталығына апарыңыз.
• Аспапты жоғары температура жəне ылғалдылық жағдайында пайдалану кезінде аспаптың ішінде
тамшылар пайда болады. Бұл аспаптың бұзылғанын білдірмейді, тек тамшыларды құрғақ шүберекпен
сүртіп алыңыз.
• Кішкентай балаларға аспапты ойыншық ретінде ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Аспап кемпингте пайдаланылуы мүмкін. Аспапты тікелей күн сəулелерінің жəне жаңбырдың əсеріне
ұшыратпаңыз.
• Электр тогына түсу қатеріне жол бермеу үшін аспапты пайдалану кезінде оның бетіне сұйықтықтың
төгілуіне жол бермеңіз.
КҮТІМ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
а) Аспапты тазалаудың алдында оны қорек көзінен өшіріңіз.
б) Майлы дақтарды кетіру үшін бейтарап жуу құралын пайдаланыңыз.
в) Аз-маз кірленуді кетіру үшін, оны таза құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
г) Аспапты ағынды судың астында жумаңыз.
д) Сыртқы желдету торларындағы шаңды шаңсорғышпен сорып алыңыз, ал содан кейін торларды ылғал
шүберекпен сүртіп алыңыз.
е) Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны өшіріп тастаңыз.
АҚАУЛЫҚТАР ТІЗБЕСІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
Аспапты жөндеуге өткізудің алдында, ақаулықтың себебін анықтап алыңыз.
Ақаулықтар
Ықтимал себептер жəне оларды жою жолдары
Тоңазытқыш жұмыс
істемейді жəне желдеткіш
айналмайды.
1. Аспаптың қорек көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
2. Автомобильдің темекі тұтандырғыш ұяшығындағы сақтандырғыш
күйіп кетуі мүмкін.
3. Штекерде қысқа тұйықталудың бар-жоғын жəне байланыстардың
дұрыстығын тексеріңіз.
Суыту кезіндегі ақаулық.
1. Шығатын жəне кіретін желдету саңылаулары бөтен заттармен
бітеліп қалмауын тексеріңіз.
2. Аспаптың басқа заттарға тым жақын тұрмауын тексеріңіз. Тым
жақын тұрса, желдету саңылаулары бітеліп қалуы мүмкін.
3. Егер аспапта суыту функциясы бұзылса немесе желдеткіш
жұмыс істемесе, онда оны жөндеу үшін рұқсат етілген орталыққа
хабарласыңыз.
4. Егер аспап тіпті суытпаса, ал желдеткіш жұмыс істеп тұрса, онда
суыту элементі бұзылуы мүмкін. Жөндеу үшін рұқсат етілген сервис
орталығына хабарласыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Қорек кернеуі
DC 12В / AC /Сыртқы адаптер 230В
Тұтынылатын қуат
DC -37 Вт / AC -20 Вт
Көлемі
21 л
Максималды суыту
Қоршаған орта температурасынан 15°С төмен
Өндіруші алдын ала хабарламастан аспаптың сипаттамаларын өзгертуге құқылы.
Аспаптың қызмет мерзімі 5 жылдан кем емес
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы
гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.
Бұл тауар ЕМС – жағдайларға сəйкес келедi негiзгi Мiндеттемелер 89/336/EEC Дерективаның
ережелерiне енгiзiлген Төменгi Ережелердiң Реттелуi (73/23 EEC)
CF-1221.indd 11
CF-1221.indd 11
04.12.2008 13:36:10
04.12.2008 13:36:10