34
KZ
•
Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
•
Құралды қараусыз қалдырмаңыз. Жұмыс уақы-
тындағы үзіліс кезінде үтікті (вертикаль күйінде)
негізіне орнатыңыз.
•
Қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткаға
салудың алдында температураны реттегішті
минималдық күйге орнатып, буды тұрақты беруді
өшіріңіз.
•
Үтікті пайдаланбаған кезде міндетті түрде үтікті
өшіріп, қуаттандыру бауының айырын электрлік
розеткадан шығарып қойыңыз.
•
Суқоймаға тұрмыстық сүзгіштен қосымша таза-
ланған суды құюға кеңес беріледі.
•
Суға арналған резервуарға газдандырылған
суды, хош иістендіргіш сұйықтықтарды, сірке суы
қышқылын, крахмал ерітіндісін, қақтарды жоюға
арналған реагенттерді, химиялық заттарды ж.т.б.
құюға тыйым салынады.
•
Суқоймадағы судың деңгейі «MAX» максималдық
белгісінен жоғары болмауын бақылаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Үтіктің беттері жұмыс
уақытында қызады. Күйіп қалмау үшін терінің ашық
жерлерін үтіктің ыстық беттеріне немесе шығатын
буға тигізбеңіз.
•
Адам киіп тұрған киімді буландыруға тыйым салы-
нады, киімді үнемі тек қана ілгішке іліңіз.
•
Қуаттандыру бауын үтікті тасымалдауға арналған
қолсап ретінде пайдалануға тыйым салынады.
•
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін немесе оны
тазалаудың алдында құралды өшіріп, қуаттандыру
бауының айырын шығарыңыз.
•
Құралды электр желісінен ажыратқан кезде тек қу-
аттандыру бауының айырынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап суырыңыз, қуаттан-
дыру бауынан тартпаңыз – бұл оның зақымдануы-
на әкеліп, қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
•
Электр тогының соғуына жол бермеу үшін үтікті,
қуаттандыру бауын және қуаттандыру бауының
айырын суға немесе кез-келген басқа сұй-
ықтықтарға салуға болмайды.
•
Үтікті жинап қоярдың алдында оны толық суытып,
судың қалдығын төгіңіз.
•
Құралды тұрақты түрде тазалап тұрыңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігі үшін орама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен қаптар-
мен немесе қаптамалық үлдірмен ойнауға рұқсат
етпеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
•
Құрал балалардың пайдалануына арналмаған.
•
Құралды ойыншық ретінде пайдалануға жол бер-
меу үшін балаларды қадағалаңыз.
•
Балаларға жұмыс істеп тұрған құралдың жұмыс
бетін, құрал корпусын, қуаттандыру бауы немесе
қуаттандыру бауының айырын ұстауға рұқсат
етпеңіз.