26
KZ
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ҮЙДЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН,
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ ПАЙДАЛНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны кері температурада тасымалдаған
-
нан немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан
шығарыңыз және пайдаланар алдында 3 сағат
күтіңіз.
•
Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын жойыңыз.
•
Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
•
Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану
нұсқауларымен танысыңыз.
•
Жинақталымын тексеріңіз.
•
Қуаттандыру баусымының бүтіндігін мезгілімен
тексеріп отырыңыз.
•
Құрылғының көрсетілген қуаттандыру кернеуі
параметрлері электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Құрылғыны 60
Гц жиіліктегі электр желісінде пайдаланғанда,
ешқандай қосымша әрекет қажет емес.
•
Шаңды жою үшін құрылғыны таза, аздап дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Құрылғыны пайдалану барысында желі бауын
толық ұзындығы бойынша тарқатыңыз.
МУЛЬТИСТАЙЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Мультистайлерді ұзын шашқа, сондай-ақ орта
ұзындықтағы шашқа да пайдаланыңыз.
•
Мультистайлерді тегіс, орнықты, термотөзімді
бетке орналастырыңыз. Жұмыс пластиналары
мен сыртқы беттері тез балқитын немесе тез
тұтанатын заттармен жанаспауын қадағалаңыз.
•
Құрылғыны боялмаған және шашқа арналған
химиялық заттармен бұйраланбаған, сау шашты
реттеу үшін пайдаланыңыз.
•
Егер шаш боялған немесе химиялық бұйралауға
ұшыраған болса, мультистайлерді сирек
пайдаланыңыз.
•
Шашты реттеу алдында оны сусабынмен жуыңыз,
сүлгімен сүртіңіз, фенмен кептіріңіз және тараңыз.
•
Түпқойманы (9) қолданыңыз және
мультистайлерді тегіс, тұрақты және ыстыққа
төзімді бетке орнатыңыз.
•
Қуаттандыру (8) баусымының ашасын электр
розеткасына салыңыз.
•
Құрылғыны қосыңыз, ол үшін қуаттандыру (6)
қосқышын "I" күйіне орнатыңыз, осы ретте жарық
индикаторы (5) жанады және жыпылықтайды,
температура реттегішінің тұтқасын (7) бұраңыз
және жұмыс элементтерінің (3) "100 - ден 200°С
- ге дейін (кестені қараңыз) қажетті қыздыру
температурасын таңдаңыз "