
24
25
kz
kz
ТаЗаЛаУ жӘне КҮТІМ
• Фен тек тұрмыстық пайдаланымға арналған.
• Ауыстырғышты (1) «0» күйіне орнатыңыз,
фенді электр желісінен ажыратыңыз және оны
суытыңыз.
• Корпусты (2) сәл дымқыл матамен сүртіңіз, содан
соң құрғатып сүртіңіз.
• Ауа тартқыш торды (4) қылшақша көмегімен
тазалаңыз.
• Құрылғыны суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
• Корпусты (2) және қондырма-концентраторды (3)
тазалау үшін абразивті тазалау құралдары мен
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
СаҚТаЛУЫ
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және
оны тазалаңыз.
• Фена (2) корпусына ешқашан желі бауын
орамаңыз, өйткені бұл оны немесе құрылғы
корпусын (2) зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыны сақтау ыңғайлылығы үшін ілгек (6)
қарастырылған, оның көмегімен фенді ілуге
болады, бұл күйде оған су тимеуі керек, ал феннің
пішіндерін азайту үшін қолсапты (5) бүгіп қоя
аласыз.
• Құрылғыны салқын және құрғақ жерде,
балалардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚондЫрМа-КонЦенТраТор
• Қондырма-концентраторды (3) құрғату күшін
шағын ауданда (мысалы, бұрымға немесе
толқынға) шоғырландыру қажет болғанда, немесе
сіз бұйраланатын шашты түзеткіңіз келгенде
пайдалануға болады.
• Қондырма-концентраторды (3) аспап корпусына
қосыңыз. Қондырма-концентратор (3) сізге жоғары
қарқынды ауа ағынын белгіленген шаш тарамына
бағыттауға мүмкіндік береді.
• Желі бауының ашасын электр розеткасына
тығыңыз. Ауыстырғыш (1) көмегімен қажетті
жұмыс режимін орнатыңыз.
• Егер желі бауы жұмыс кезде бұралып қалса, оны
мезігілмен түзетіп отырыңыз.
ҚЫЗЫП КеТУден ҚорҒанЫС
• Қызып кетуден қорғау жүйесі шығатын ауаның
температурасы артып кеткен жағдайда фенді
ажыратады.
• Егер фен пайдалану барысында өшіп қалса,
ауыстырғышты (1) «0» күйіне қойыңыз,
электр розеткасынан желі бауының ашасын
шығарыңыз және шығу немесе кіру тесіктері
бұғатталмағандығын тексеріңіз.
• Құралды 5-10 минут суытып, содан кейін қайтадан
қосыңыз. Фен-қылшақты пайдалану кезінде ауа
саңылауларын бұғаттамаңыз және
• шаштың ауа тартқыш торына (4) түсуін
болдырмаңыз.
жеТКІЗІЛІМ жиЫнТЫҒЫ
1.
Фен — 1 дн.
2.
Қондырма-концентратор — 1 дн.
3.
Нұсқаулық — 1 дн.
ТеХниКаЛЫҚ СиПаТТаМаЛарЫ
Қуаттандыру кернеуі: 220-240 В, ~ 50/60 Гц
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 1200 Вт
наЗар аУдарЫҢЫЗ!
Аспапты жуынатын бөлмеде, душта,
бассейнде және т.б. жерлерде судың
қасында пайдаланбаңыз.
ПаЙдаҒа аСЫрУ
Қалдықтардың бақыланбай пайдаға
асыруынан қоршаған ортаға немесе
адамдардың денсаулығына зиян
келтірмеу үшін, құрылғының немесе
қуаттандыру элементтерінің (егер
жиынтыққа кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін оларды әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастамаңыз, аспапты және қуаттандыру
элементтерін одан әрі пайдаға асыру үшін арнайы
пункттерге жіберіңіз.
Бұйымдарды пайдаға асыру кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі
пайдаға асырылатын тәртіппен міндетті түрде
жинауға жатады.
Берілген өнімді пайдаға асыру туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Өндіруші құрылғының жалпы жұмыс
ұстанымдарына әсер етпейтін дизайнды, алдын
ала ескертусіз құрастырылымын және техникалық
сипаттамаларды өзгерту құқығын өзінде сақтайды.
Құрылғының қызмет ету мерзімі — 3 жыл.