25
KZ
•
Тостер пісіргішті ас үй раковинасына жақын,
жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да
су толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
•
Тостер суға құлап кеткен жағдайда, дереу желі
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету
үшін сервис орталығына жүгініңіз.
•
Қуаттандыру бауының ыстық беттерге және
жиһаздың өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
•
Ыстық тостер пісіргішті жылжытпаңыз, оның толық
салқындауын күтіңіз.
•
Егер тостер пісіргіште өнімдер жоқ болса, онда
құралды қосуға тыйым салынады.
•
Жану тәуекелін болдырмау үшін тостерге пішіні
үлкен өнімдерді салмаңыз және өнімдерді тамаққа
арналған қаңылтыр қағазға орамаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда тосттарды шыға
-
руға тыйым салынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тосттарды қуыру дәрежесін
дұрыс белгілеңіз, ұзақ қуырған кезде тосттар тұтануы
мүмкін.
•
Құрамында қанты көп, джем немесе тосап түрін
-
дегі салмалары бар өнімдерді қуыру үшін тостерді
пайдаланға тыйым салынады.
•
Тостер жұмыс істеп тұрғанда метал бөлшектері
қатты қызады, абайлық сақтаңыз және ыстық
беттерге қолыңызды тигізбеңіз.
•
Құрылғы балалардың пайдалануына арналмаған.
•
Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануын бол
-
дырмау үшін, балаларды қадағалаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балалар жұмыс
бетіне, құрылғы корпусына, желі бауына немесе
желі бауының ашасына жақындауына рұқсат
бермеңіз.
•
Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
болса, онда ерекше мұқият болыңыз.
•
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құрылғыны балалардың
қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
•
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында міндетті түрде сөндіріңіз. Тостер
пісіргішті электр желісінен ажыратқан кезде тек
желі бауының ашасынан ұстаңыз және оны электр
розеткасынан абайлап шығарыңыз, желі бауынан
тартпаңыз — бұл оның зақымдануына әкеліп,
қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
•
Құрылғы корпусын, желі бауын және желі бауының
ашасын су қолмен ұстамаңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қадағала
-
усыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен пакет
-
терімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға рұқсат
етпеңіз.
Тұншығу қаупі!