29
:
Қауіпсіздік
техникасы
туралы
маңызды
нұсқаулар
Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Тек содан кейін құрылғыны қауіпсіз және
дұрыс пайдалана аласыз. Пайдалану және
монтаждау нұсқаулықтарын келесі иесі үшін
сақтаңыз.
Бұл нұсқаулар сәйкес елдің
аббревиатурасы құрылғыда болса ғана
қолданылады. Егер құрылғыда
аббревиатура болмаса, құрылғыны елдің
талаптарына сай қайта реттеу үшін қажет
ақпаратты қамтитын орнату нұсқаулығын
қарау керек.
Құрылғы
санаты
:
1 санаты
Орамадан шығарғаннан кейін құрылғыны
тексеріңіз. Тасымалдау кезінде алынған
зақымдар бар болса, құрылғыны қоспаңыз.
Құрылғыны қосуды және басқа газ түріне
қайта реттеуді тек лицензиясы бар техник
орындауы керек. Құрылғыны реттеу (электр
желісіне және газ құбырына қосу)
пайдалану және орнату нұсқаулықтарына
сай орындалуы керек. Дұрыс емес қосу
және дұрыс емес реттеулер ауыр
жарақаттарға және зақымдарға әкелуі
мүмкін. Құрылғы өндірушісі мұндай
нұқсанға жауапты болмайды. Құрылғы
кепілдігінің күші жойылады.
Назар
аударыңыз
:
Бұл құрылғы тек тамақ
әзірлеу мақсатына арналған. Ол бөлмені
жылыту сияқты мақсаттарға арналмаған.
Назар
аударыңыз
:
Құрылғыны пайдалану
бөлмеде температураның және
ылғалдылықтың, жану өнімдерінің артуына
әкеледі. Құрылғыны пайдалану кезінде
бөлменің жақсы желдетілуіне ерекше көңіл
бөлу керек: желдету тесіктерін жаппаңыз
немесе ауаны тазалауға арналған арнайы
механикалық құралды (мысалы, аспалы
түтін шығаратын құбыр) пайдаланыңыз.
Құрылғы қарқынды және ұзақ жұмыс
істегенде қосымша желдету қажеттілігі
пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда терезені
ашуға немесе желдету құрылғысын
жоғарырақ қуатқа қосуға болады.
Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе
қашықтан басқару пультімен бірге
пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғыны 8 жастағы балалар және
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі адамдар я болмаса тәжірибесі
немесе білімі жоқ адамдар құрылғыны
пайдалану кезінде олардың қауіпсіздігіне
жауапты адамның бақылауында болса
немесе бұл адамдар оқытылған және
мұның қауіпті екенін түсінсе пайдалана
алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
Тазалауды және техникалық қызмет
көрсетуді балалар орындамауы керек, 8-ге
толса және одан үлкен болса,
балалар бақылау астында болуы керек.
8 жастан кіші балалар құрылғыдан және
кабельден қауіпсіздік қашықтықта болуы
керек.
Әрқашан құралдарды жұмыс камерасына
дұрыс орнатыңыз. Пайдалану
нұсқаулығында
құралдардың сипаттамасын
қараңыз.
Өрт қаупі бар!
■
Құрылғы есігін ашқанда ауа ағыны пайда
болады. Пергамент қағазы қыздыру
элементіне тиіп, жануы мүмкін. Ешқашан
қыздыру кезінде құралдарда бекітілмеген
қағазды қалдырмаңыз. Әрқашан қағаз
үстіне ыдысты немесе пісіру қалыбын
қойыңыз. Тек қажет өлшемдегі қағазды
төсеңіз. Қағаз құралдардың жиектерінен
шықпауы керек.
Өрт
қау пі
б ар
!
■
Жұмыс камерасына орналастырылған
тұтанғыш заттар тұтануы мүмкін. Ешқашан
жұмыс камерасында тұтанғыш заттарды
сақтамаңыз. Ішінде түтін пайда болса,
ешқашан есікті ашпаңыз. Құрылғыны
өшіріңіз, ашаны розеткадан суырыңыз
немесе сақтандырғыштар блогындағы
сақтандырғышты өшіріңіз. Газ беруді
жабыңыз.
Өрт
қау пі
б ар
!
■
Ыстық май және жануар майы тез
тұтанады. Ыстық майды және жануар
майын қараусыз қалдырмаңыз. Ешқашан
отты сумен сөндірмеңіз. Конфорканы
өшіріңіз. Отты қақпақпен, арнайы
жалынды басатын көрпемен немесе сол
сияқты бірдеңемен сөндіріңіз.
Өрт
қау пі
б ар
!
■
Конфоркалар қатты қызады. Ешқашан
әзірлеу бетіне конфоркаларды қоймаңыз.
Әзірлеу бетіне заттарды қоймаңыз.
Өрт
қау пі
б ар
!
■
Құрылғы өте ыстық болады, тұтанғыш
заттар оңай жана бастауы мүмкін.
Тұтанғыш заттарды ( мысалы, аэрозоль
баллондарын және тазалағыш заттар)
духовка астында немесе духовка жанында
сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
Тұтанғыш заттарды духовкада немесе
духовка үстінде сақтамаңыз.
Өрт
қау пі
б ар
!