154
| Қазақ
Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4
(керек-жарақ) орнату
Bluetooth
® Low Energy Module GCY 30-4 туралы ақпаратты
берілген пайдалану бойынша нұсқаулықтан оқып
шығыңыз.
Аккумуляторды зарядтау
u
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз.
Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау:
аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
u
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз.
Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Аккумуляторды шығару (A суретін қараңыз)
Аккумулятордың
(6)
екі бекіту басқышы бар, олар
аккумуляторды ашу пернесінің
(7)
кездейсоқ басылып,
аккумулятордың түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор
электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында
ұстап тұрады.
Аккумуляторды
(6)
шығару үшін ашу пернесін
(7)
басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз.
Осы кезде күш салмаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату (B суретін қараңыз)
Бекіту төлкесін
(2)
артқа жылжытып, алмалы-салмалы
аспапты аспап патронына
(1)
бұрап кіргізіңіз. Бекіту
төлкесін
(2)
қайтадан жіберіп, алмалы-салмалы аспапты
бұғаттаңыз
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Бекіту төлкесін
(2)
артқа жылжытып, алмалы-салмалы
аспапты патроннан
(1)
шығарыңыз.
Қондырманы орнату (C суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты алып қойыңыз.
Қондырманы патронға
(1)
салыңыз. Бекіткіш шеңберді
(16)
шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты саптамаға енгізу
GFA 18-E/GFA 18-W (D суретін қараңыз):
Бекіту төлкесін
(2)
артқа жылжытып, алмалы-салмалы
аспапты аспап патронына
(1)
бұрап кіргізіңіз. Бекіту
төлкесін
(2)
қайтадан жіберіп, алмалы-салмалы аспапты
бұғаттаңыз
GFA 18-M/GFA 18-B/GFA 18-WB (E суретін қараңыз):
Бұрғы патронының саптамасын
❶
айналу бағытымен
бұрау арқылы алмалы-салмалы аспап енгізілгенше
ашыңыз. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
Бұрғы патроны саптамасының төлкесін
❷
айналу
бағытымен қолмен күш қолданып бұраңыз. Бұрғы
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Қондырманы бұрау (F суретін қараңыз)
Бұғатталған қондырманы шам. 5 мм электр құралынан
ары тартыңыз. Қондырманы керекті күйге бұрап, сосын
жіберіңіз.
Саптаманы бөлшектеу (G суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты шығарып алыңыз.
Саптаманы
бағытымен босатып, оны патроннан
(1)
тартып шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау:
Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
(9)
ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды
(6)
разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
1 609 92A 4RU | (31.10.2018)
Bosch Power Tools