150
| Қазақ
Аккумуляторды шығару
Аккумулятордың
(12)
екі бекіту басқышы бар, олар
аккумуляторды ашу пернесінің
(13)
кездейсоқ басылып,
аккумулятордың түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор
электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында
ұстап тұрады.
Аккумуляторды
(12)
шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін
(13)
басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз.
Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл
түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін
көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр
құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған немесе
түймесін басыңыз.
Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диодтары
Қуаты
Үздіксіз жарық 3× жасыл
60−100 %
Үздіксіз жарық 2× жасыл
30−60 %
Үздіксіз жарық 1× жасыл
5−30 %
Жыпылықтау 1× жасыл
0−5 %
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтары
Қуаты
Үздіксіз жарық 5× жасыл
80−100 %
Үздіксіз жарық 4× жасыл
60−80 %
Үздіксіз жарық 3× жасыл
40−60 %
Үздіксіз жарық 2× жасыл
20−40 %
Үздіксіз жарық 1× жасыл
5−20 %
Жыпылықтау 1× жасыл
0−5 %
Қосымша тұтқа
u
Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге
пайдаланыңыз
(4)
.
u
Кез келген жұмысты орындау алдында қосымша
тұтқаның нық тартылғанына көз жеткізіңіз.
Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Қосымша тұтқаны орнату
Қосымша тұтқаны ашу үшін қосымша тұтқаның астыңғы
бөлігін
(4)
сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Қосымша тұтқаның төсемін
(5)
кері тартып, оны осы
күйде ұстап тұрыңыз.
Қосымша тұтқаны электр құралына орнату үшін, оны
бұрғылау патроны арқылы өткізіп жылжытыңыз.
Содан кейін төсемді
(5)
жіберіңіз.
Содан кейін қосымша тұтқаның
(4)
астыңғы бөлігін сағат
тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны қайыру
Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін
қосымша тұтқаны
(4)
кез келген жаққа қайыруға болады.
Қосымша тұтқаның
(4)
астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны
(4)
қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның
(4)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін орнату
Тереңдік шектегішімен
(3)
қажетті бұрғылау тереңдігін
X
реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы
(6)
босатып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға
(4)
енгізіңіз.
Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне
X
тең
болғанша тартыңыз.
Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы
(6)
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Құралды алмастыру (A суретін қараңыз)
u
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын
(2)
айналу
бағытында
➊
бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының
(2)
төлкесін
айналу бағытымен
➋
қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
1 609 92A 4JK | (05.12.2019)
Bosch Power Tools