Қазақ |
131
Бұрғылау патронының кілтін
(12)
тісті тәждік бұрғылау
патронының
(13)
тиісті саңылауларына енгізіп, құралды
біркелкі етіп қысыңыз.
Бекіткіш сақинасы бар жылдам қысқыш бұрғылау
патроны (D суретін қараңыз)
Бекіткіш сақинаны
(19)
"UNLOCK" бағытымен бұраңыз.
Қысқыш төлкені
(18)
алмалы-салмалы аспап
енгізілгенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты толықтай кіргізіп, оны құрал
бекіткішінде ұстаңыз және қысқыш төлкені
(18)
сағат
тілінің бағытына қарсы қолмен қатты бұраңыз. Бұл ретте
ұстағыш сақинаны
(20)
берік ұстаңыз.
Бекіткіш сақинаны
(19)
"LOCK" бағытымен бұраңыз.
Нұсқау:
шағын бұрғыларды орнату кезінде құрал
бекіткішін алдымен шамамен алынған бұрғы диаметріне
реттеп шығыңыз. Әйтпесе бұрғы ортаға келмей
орнатылуы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Бекіткіш сақинаны
(19)
"UNLOCK" бағытымен бұраңыз.
Қысқыш төлкені
(18)
алмалы-салмалы аспапты шығару
мүмкін болғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Бұрауыш құралдар (E суретін қараңыз)
Бұрауыш биттерді
(14)
пайдаланғанда әрқашан әмбебап
бит ұстағышын
(15)
пайдаланыңыз. Тек бұранда
бастиегіне жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз.
Бұрғылау патронын алмастыру
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бекіткіш бұранданы шығару
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны
(1)
немесе тісті
тәждік бұрғылау патроны
(13)
бұрғылау шпинделінен
кездейсоқ босап кетпеуі үшін бекіткіш бұрандамен
(16)
бекітілген. Жылдам қысқыш бұрғылау патронын
(1)
немесе тісті тәждік бұрғылау патронын
(13)
толықтай
ашып, бекіткіш бұранданы
(16)
сағат тілінің бағытымен
бұрап шығарыңыз.
Бекіткіш бұранданың сол жақ
оймасы бар болуын қадағалаңыз.
Егер бекіткіш бұранда
(17)
жылжымай тұрса, бұрауышты
бұранда бастиегіне орнатып, бұрауыштың тұтқасындағы
бекіткіш бұранданы қағып босатыңыз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын бөлшектеу (F суретін
қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын
(13)
бөлшектеу үшін айыр
тәрізді кілтті
(17)
(кілт ені 17 мм) жетек шпинделінің кілт
жазықтығына орнатыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз.
Бұрғылау патронының кілтін
(12)
тісті тәждік бұрғылау
патронының
(13)
үш саңылауының біріне енгізіп, тісті
тәждік бұрғылау патронын
(13)
осы иінтірекпен сағат
тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы босатыңыз. Нық
орнатылған тісті тәждік бұрғылау патронын бұрғылау
патронының кілтіне
(12)
жеңіл қағу арқылы босатуға
болады.
Бұрғылау патронының кілтін
(12)
тісті тәждік бұрғылау
патронынан шығарып, тісті тәждік бұрғылау патронын
толықтай бұрап шығарыңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын / бекіткіш
сақинасы бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын
бөлшектеу
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын және бекіткіш
сақинасы бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын
бөлшектеу үшін алты қырлы дөңбек кілтті жылдам
қысқыш бұрғылау патронына салып, айыр тәрізді кілтті
(кілт ені 17) жетек шпинделінің кілт жазықтығына
қойыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз.
Айыр тәрізді кілтті
(17)
мықтап ұстап, жылдам қысқыш
бұрғылау патронын алты қырлы дөңбек кілтті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрау арқылы босатыңыз. Нық
орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау патронын алты
қырлы дөңбек кілттің ұзын білігін жеңіл қағу арқылы
босатуға болады.
Алты қырлы дөңбек кілтті жылдам қысқыш бұрғылау
патронынан
(1)
шығарып, жылдам қысқыш бұрғылау
патронын
(1)
толықтай бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын / бекіткіш сақинасы
бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын / тісті тәждік
бұрғылау патронын орнату жұмысы кері реттілік
бойынша орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 50–55 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Жылдам қысқыш/тісті тәждік бұрғылау патронында
Бекіткіш бұранданы
(16)
сағат тілінің бағытына қарсы
ашылған жылдам қысқыш/тісті тәждік бұрғылау
патронына бұрап кіргізіңіз.
Әрдайым жаңа бекіткіш бұранданы пайдаланыңыз,
себебі оның оймасына бірнеше рет пайдаланғаннан кейін
жойылатын бекіткіш желім жағылған.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Bosch Power Tools
1 609 92A 5H2 | (20.11.2019)