Қазақ |
209
Аккумуляторды қуаттандыру
Аккумулятор, температура деңгейінің тек 0 °C мен 35 °C
арасында ғана қуаттандыруды мүмкін ететін температура
бақылаушы жүйесімен жабдықталған. Осының
арқысында аккумулятордың жұмыс уақыты ұзақ болуы
қамтамасыз етіледі.
Нұсқау:
Құрал сатылып не жеткізіліп берілген кезде оның
аккумуляторы жартылай қуаттандырылған қалыпта
болады. Аккумулятор жұмысының толық көлемін
қамтамасыз ету үшін оны алғашқы рет пайдалану
алдынан алдымен толығымен қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection
(ECP)” жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз.
Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
Аккумуляторды орнату/шығарып алу
Нұсқау:
Лайықты болмаған аккумуляторларды қолдану
құралдың дұрыс істемеуіне немесе зақымдануына апара
алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Қуаттандыру барысы
Қуаттандыру барысы құралдың желі айыры электр
розеткасына енгізіліп, аккумуляор қуаттандыру құралына
енгізілген сәтте басталады.
“Ақылды” қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
Қуаттандыру құралындағы көрсеткіш
элементтерінің мағынасы (AL 3620 CV/AL
3640 CV/AL 36V-20)
Жылдам қуаттандыру барысы
Жылдам қуаттандыру барысы
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл
түспен
тез жыпықтап
тұруы арқылы білдіріледі.
Аккумулятордың көрсеткіш элементы: Қуаттандыру
кезінде үш жасыл түсті жарық диод шамдары дәйекті
түрде жанып, қысқа уақыттан кейін өшеді. Үш жасыл түсті
жарық диод шамдары үзіліссіз жанып тұруы
аккумулятордың толығымен қуаттандырылып болғанын
білдіреді. Аккумулятор толығымен қуаттандырылып
қойылған сәттен шамамен 5 минут өткеннен кейін жасыл
түсті жарық диод шамдары қайтадан өз өздерімен өшеді.
Нұсқау:
Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
“Техникалық мәліметтер” тарауын қараңыз.
Аккумулятор қуаттандырылды
Аккумулятордың жарық диодтық
қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл
түспен
тұрақты жануы
аккумулятордың
толығымен қуаттандырылып қойылғанын білдіреді.
Сонымен қатар, шамамен 2 секунд бойы аккумулятордың
толығымен қуаттандырылғанын білдіретін дыбыстық
сигналдық белгісі беріліп тұрады.
Осыдан кейін аккумулятор дереу пайдалану үшін
қуаттандыру құралынан шығарылып алына алады.
Ішіне аккумулятор енгізілмеген жағдайда
аккумулятордың жарық диодты қуаттандыру
көрсеткішінің
тұрақты жануы
желі айырының электр
розеткасына енгізіліп, қуаттандыру құралы іске қосу үшін
дайын болып тұрғанын білдіреді.
Аккумулятор температурасының 0°C тен төмен
немесе 45°C тен жоғары болуы
Аккумулятордың жарық диодтық
қуаттандыру көрсеткішінің
қызыл
түспен
тұрақты жануы
аккумулятордың
температурасы ұйғарынды қуаттандыру температуралық
аумағынан тыс болғанын білдіреді, “Техникалық
мәліметтер” тарауын қараңыз. Ұйғарынды температура
деңгейі орнатылған сәттен кейін қуаттандыру құралы
автоматты түрде жылдам қуаттандыру барысына
ауысады.
Аккумулятор температурасы ұйғарынды қуаттандыру
температура деңгейінен тыс аумағында болғанда,
қуаттандыру құралы енгізілгенде аккумулятордың қызыл
түсті жарық диодтық шамы жанатын болады.
Қуаттандыру барысы өткізіле алынбайтын жағдайлар
Қуаттандыру барысында басқа бөгет пайда
болғанда, осы бөгет қуаттандыру құралының
жарық диодтық шамының
қызыл
түспен
жыпықтап жанып
тұруы арқылы көрсетіледі.
Бұл жағдайда қуаттандыру барысы бастала алмай және
аккумулятордың қуаттандырыла алмайтын болады
(“Қателер мен бөгеттерді белгілеу” тарауын оқыңыз).
Қуаттандыру бойынша нұсқаулар
Аса ұзақ уақыт бойы қуаттандыру немесе қуаттандыру
циклдарының бірінен кейін бірін қайта бірнеше рет ешбір
үзіліссіз өткізу арқылы қуаттандыру құралы қызып кетуі
мүмкін. Осындай қуаттандыру барыстары ешбір түрде
Bosch Power Tools
1 609 92A 5WA | (16.07.2020)
Summary of Contents for EasyRotak 36-550
Page 327: ... 327 B Bosch Power Tools 1 609 92A 5WA 16 07 2020 ...
Page 328: ...328 STOP C D 1 609 92A 5WA 16 07 2020 Bosch Power Tools ...
Page 329: ... 329 E Bosch Power Tools 1 609 92A 5WA 16 07 2020 ...
Page 330: ...330 F 1 609 92A 5WA 16 07 2020 Bosch Power Tools ...
Page 331: ... 331 G Bosch Power Tools 1 609 92A 5WA 16 07 2020 ...
Page 332: ...332 H F 016 800 498 F 016 800 498 1 609 92A 5WA 16 07 2020 Bosch Power Tools ...
Page 333: ... 333 I 27 Nm STOP J Bosch Power Tools 1 609 92A 5WA 16 07 2020 ...