
KZ
ЖАЛПЫ
Сәйкестікті растау туралы ақпарат, өндірілген елі,
сондай-ақ тауардың өндірілген күнін нұсқаулықтың
артқы қақпағында табасыз .
Импортер туралы байланыс ақпараты қаптамада бар .
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕР
1
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
БАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
МЕН НҰСҚАУЛАРЫН ОҚЫҢЫЗ
Ескертулер мен нұсқауларды орындамау
салдарынан өрт шығуы және/немесе ауыр
жарақат алу жағдайлары туындауы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды
болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Құралды пайдаланбас бұрын, осы нұсқаулықты
толық түсініп оқып шығыңыз.
ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
a.
Жұмыс орны таза әрі жарық жақсы тусетін
болуы қажет.
Жұмыс орнының таза емес
немесе қараңғы болуы оқыс оқиғалардың пайда
болуына себеп болады.
b.
Құралдың жанында тұтанатын материалды
сақтамаңыз.
c.
Электр құралын пайдаланған кезде балалар
мен айналадағы адамдар алшақ тұруы
қажет.
Басқа нәрсеге алаңдау салдарынан зейін
жоғалтуыңыз мүмкін.
d.
Құралды тек сыртта немесе жақсы
желдетілетін бөлмелерде пайдаланыңыз.
ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
a.
Құралмен жұмыс істеген кезде сақ болып, не
істеп жатқаныңызға зейін қойыңыз. Шаршап
тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік немесе
дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, құралды
пайдаланбаңыз.
Құралды пайдаланған кезде
басқа нәрсеге алаңдасаңыз, ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
b.
Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Әрқашан көзді қорғау бұйымын киіңіз.
Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын
арнайы аяқ-киім, каска немесе есту мүшесін
қорғайтын бұйым сияқты қорғаныс жабдығын
тиісті жағдайларда пайдаланғанда жеке
жарақат алу қаупі азаяды.
c.
Жұмыс кезінде электр құралын қатты
тартпаңыз. Тұрақты қалыпта тұрыңыз
және тепе-теңдік сақтаңыз.
Бұл кездейсоқ
жағдайларда құралды жақсы бақылауға
мүмкіндік береді.
d.
Арнайы киім киініңіз.
Отқа немесе сұйық
дәнекерлейтін қалайыға күйіп қалу қаупі бар.
Күйіп қалмау үшін қорғаныс киімдерін киіңіз.
Шашыңызды, киіміңізді және қолғабыңызды
жалыннан алшақ ұстаңыз. Бос киім немесе
ұзын шаш тұтанып кетуі мүмкін.
e.
Бұйымды бекітіңіз.
Бұйымды ұстап тұру
үшін, қысқыш құрылғыны пайдаланыңыз. Бұл
құралды екі қолыңызбен басқаруға мүмкіндік
береді.
f. Құралдан сұйықтық ақса (газдың иісі
шықса), зақым белгілері көрінсе немесе
ақаулығы бар болса, оны пайдаланбаңыз.
g.
Егер құралдан сұйықтық ақса (газдың
иісі шықса) оны дереу сыртқа шығарып,
герметикалығын жалынсыз тексеріңіз.
Әрқашан сабын көпіршігін пайдаланыңыз.
h.
Газ баллонын толтыру (қайта толтыру)
жақсы желдетілетін әрі ұшқын, ашық жалын,
тұтандырғыш, электрлік асүй аспаптарынан
және басқа адамдардан алшақ жерде
жасалуы тиіс.
Контейнерді қайта толтыру
бойынша қауіпсіздік нұсқаулары мен ескерту
жазбаларын орындаңыз.
i.
Құралға ешқандай өзгеріс жасамаңыз.
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
a.
Құралды қоршаған орта температурасы
10°C – 50°C аралығындағы тиісті орында
сақтаңыз. Сақтамас бұрын, құрал толық
салқындауы қажет. Пайдаланылмайтын
құралдарды балалардан алшақ әрі құрғақ
жерде сақтау қажет. Пайдаланылмайтын
құралдардың барлығын өшіріп қойыңыз.
b.
Аксессуарларды тіркеу, алу немесе
тазалаудан бұрын, құралды үнемі өшіріп,
оны толық салқындатыңыз.
c.
Қысым астындағы аса тұтанғыш газ.
d.
Ұшқындар немесе ашық жалын жанында
пайдаланбаңыз.
e.
Газ баллонын тесуге, өртеуге немесе
50°C-тан жоғары температурада сақтауға
болмайды.
f. Балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
g.
Бұл құрылғыны бөлшектемеңіз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
a.
Құралға қызмет көрсеткенде, жөндеу
жұмыстарымен айналысатын білікті
маман дәл сондай түпнұсқа бөлшектердің
көмегімен жөндеуі керек.
Бұл құрал
қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Үлгі нөмірі
. . . . . . . . . . . . 2200
Қуат көзі . . . . . . . . . . . . . . Тазартылған бутан
Газ баллонының
сыйымдылығы . . . . . . . . . 42 мл / 22 грамм
Жұмыс істеу уақыты . . . . ± 75 минут
(ең жоғары параметр)
Қызу уақыты . . . . . . . . . . ± 25 секунд
(дәнекерлегіш ұштығы)
Номиналды жылу кірісі . 16 г/сағ
Салқындау уақыты . . . . . 17 мин (< 25°C)
Температура . . . . . . . . . . 1200°C (ашық жалын)
680 – 1000°C (ыстық ауа)
550°C (дәнекерлегіш
ұштығы)
Салмағы . . . . . . . . . . . . . 227 грамм (бос құрал)
10