108
| Қaзақша
1 609 92A 3FK | (15.12.16)
Bosch Power Tools
Осы нұсқаулықты толық орындаңыз.
Бұл шаңсорғыш балалардың,
дене немесе ой қабілеттері
шектелген, тәжірібесі және
білімі аз адамдардың
пайдалануына арналмаған.
Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қауіпі пайда
болады.
Балаларға абай болыңыз.
Балалардың шаңсорғышпен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
Денсаулыққа зиян келтіретін
заттектерді сормаңыз, мысалы,
шамшат немесе емен шаңын, тас шаңын, асбест.
Бұл
заттектер обырға келтіруі мүмкін.
Мемлекетіңіздегі денсаулыққа зиянды заттектерді
қарау бойынша жарамды ережелер/заңдар туралы
мәлімет алыңыз.
Шаңсорғышты тек барлық
функцияларын толық түсініп,
шектеусіз пайдалануыңыз мүмкін болып тиісті
нұсқауларды алған кезде ғана пайдаланыңыз.
Мұқият
нұсқау қате пайдалану мен жарақаттануларды кемейтеді.
Шаңсорғыш құрғақ заттектерді және
тиісті шаралар арқылы
сұйықтықтарды да соруға арналған.
Сұйықтықтар тиюі
тоқ соғу қаупін арттырады.
Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер
сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
Көбік немесе су шықса шаңсорғышты
бірден өшіріп, контейнерін
тазалаңыз.
Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы
мүмкін.
Шаңсорғышты тек ішкі
бөлмелерде сақтау
қажет.
Қалтқыны жүйелі түрде
тазалап, оның
зақымдалмағанын тексеріңіз.
Кері жағдайда
шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін.
Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану
қажет болса, автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдаланыңыз.
Автоматты
сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін
төмендетеді.
Шаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге қосылған тоқ
желісіне қосыңыз.
Розетка мен ұзартқышта жұмыс
істейтін қорғайтын сым болуы қажет.
Әр пайдаланудан алдын шаңсорғышты, кабельді
және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз
шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және
түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз.
Зақымдалған
шаңсорғыш, кабель және айыр электр тоғының соғу
қаупін арттырады.
Кабельді баспаңыз немесе оны жаншып
тастамаңыз. Айырды розеткадан шығару немесе
шаңсорғышты жылжыту үшін кабельді тартпаңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз.
Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз
жеткізіңіз.
Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз.
Сол арқылы шаңсорғыш
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз
болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін
сорғыш шлангы шаңсорғышқа қосулы тұрсын.
Шаңды жұтып жіберу мүмкін.
Шаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен
тазаламаңыз.
Шаңсорғыш жоғары жағына су кірсе, ол
электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Қосылған сорғышты бақылаусыз қалдырмаңыз.
Шаңсорғышты тұрақты сору құрылғысы ретінде
пайдаланбаңыз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
(AdvancedVac 20)
Розетканы тек пайдалану
нұсқаулығында белгіленген
мақсаттарда пайдаланыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге
шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Белгілер мен олардың мағанасы
Бастау/тоқтау автоматикасы
Істеп тұрған электр құралдарынан
шыққан шаңдарды сору
Шаңсорғыш автоматты қосылып,
шамалы уақыттан соң қайта өшеді
Өшіру
ЕСКЕРТУ
OBJ_BUCH-3012-002.book Page 108 Thursday, December 15, 2016 9:29 AM