![Whirlpool WT70E 831 X Скачать руководство пользователя страница 51](http://html.mh-extra.com/html/whirlpool/wt70e-831-x/wt70e-831-x_quick-manual_972507051.webp)
ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІС ЖӘШІГІ *
Тоңазытқыштың ішіндегі салат контейнерлері
көкөністер мен жемістерді жас және солмаған
күйінде сақтауға арналған. Егер жеміс сияқты
тағамды ылғалдылығы төмендеу ортада сақтағыңыз
келсе, ылғалдылықты реттегішті ашыңыз (B бағыты)
немесе тағамды ылғалдау ортада сақтағыңыз келсе
оны жабыңыз (A бағыты).
A
B
A
B
МҰЗ ҚҰРАЛЫ *
Арнайы мұз тостақтарға су құйғаннан кейін оларды
мұз құралының ішіндегі орындарына қойыңыз.
Шамамен 2 сағаттан кейін мұз текшелері дайын
болады. Мұз текшелерін алу үшін екі түймені оң
жаққа қарай бұраса жеткілікті. Дайын мұз текшелері
астындағы науаға түседі.
СӨРЕЛЕР *
Арнайы бағыттауыштарының көмегімен сөрелерді алып
шығуға болады және биіктігі реттеліп, көлемі үлкен
ыдыс пен тағамды оңай сақтауға мүмкіндік береді.
ДАБЫЛДАР КЕСТЕСІ
ДАБЫЛ ТҮРІ
СИГНАЛ
СЕБЕБІ
ШЕШІМІ
Ашық есік
дабылы.
Тоңазытқыш шамы
жыпылықтайды.
ДАБЫЛ индикаторы
жыпылықтайды.
Есік 2 минуттан артық
ашық тұр.
Есікті жабыңыз немесе дыбыстық
дабылдың дауысын басу үшін
Дабылды тоқтату түймешігін
басыңыз.
Температура
дабылы.
Тоңазытқыш шамы
ӨШІРУЛІ.
Есік 4 минуттан артық
ашық тұр.
Есікті жабыңыз.
Ақаулық.
Кез келген температура
индикаторлары
жыпылықтайды.
Өнімнің ақаулығы.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету
бөліміне хабарласыңыз.
ЖҰМЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ЕСТІЛУІ МҮМКІН КЕЙБІР ДЫБЫСТАР
Құрылғыны бірінші рет немесе
ұзақ іркілістен кейін қосу кезіндегі
ысылдаған дыбыс.
Хладагент сұйықтығы түтіктерге
кірген кездегі бүлкілдеген дыбыс.
Жұмыс істеп тұрған компрессордан
шығатын "бррр" дыбысы.
Су краны немесе желдеткіш
жұмысты бастаған кездегі
быжылдаған дыбыс.
Компрессор іске қосылған кездегі
сатырлаған дыбыс.
Сыртылдаған дыбыс компрессордың
қаншалықты жиі жұмыс істейтінін
реттейтін термостаттан шығады.
* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді