![Vitek VT-8558 Скачать руководство пользователя страница 10](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/vt-8558/vt-8558_manual-instruction_1034982010.webp)
10
ҚАЗАҚША
АУА ТАЗАРТҚЫШ VT-8558
Ауа тазартқыш ұсақ шаң бөлшектерін, өсімдік
тозаңын, зең спораларын, үй жануарларының жүнін
ұстап қалады, бөгде иістерді кетіреді, темекі түтінінің
иісін бейтараптайды.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Басқару/индикациялау панелі
2.
Шығатын ауа ағынының торы
3.
Ауатартқыш тор
4.
Желілік адаптерді қосуға арналған ұя
5.
Сүзгі
6.
Төменгі қақпақ
7.
Төменгі қақпақтың орналасу нұсқағыш
8.
Төменгі қақпақ тұтқасы
9.
Тірейтін аяқшалар
Басқару/индикациялау панелі
10.
Қосу/сөндіру батырмасы
« »
11.
Жұмыстың жылдамдық режимін таңдау
батырмасы «Жылдамдық»
12.
Таймерді қосу/сөндіру батырмасы «Таймер»
13.
Таймерді орнату уақытының индикаторы
«1С-2С-4С-8С»
14.
Жұмыстың жылдамдық режимдері
индикаторлары
15.
Сүзгіні тазалау/ауыстыру индикаторы
16.
Сүзгіні пайдалану уақытын қалпына келтіру
батырмасы «Ауыстыру»
17.
Жұмыстың түнгі режимін қосу/сөндіру
батырмасы «Ұқы»
18.
Жұмыстың түнгі режимінің индикаторы
19.
Жұмыстың түнгі автоматты режимін қосу/сөндіру
батырмасы «АВТО»
20.
Жұмыстың түнгі автоматты режимінің
индикаторы
21.
Желі адаптері
22.
Ауа сапасының жарық индикаторы
СИПАТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
–
Қойма, ас үй, кабинет, дәліз, дәретхана
сияқты үй-жайлар тұйық әуелік көлемге ие,
ол жағымсыз иістің көзі болып табылатын
бактериялар санының өсуіне ықпал етеді.
–
Ауа тазартқыш ауа ластануының мәселені
шешеді және үй-жайды таза ауаға толтырады.
–
Ауа тазартқыш сүзгісінің 3 сатылы сүзгілеуі
бар: алдын ала сүзгі адам шашы, үй
жануарларының жүні және шаң бөлшектері
сияқты ауадағы үлкен бөлшектерді ұстап
қалады; белсендірілген көмір сүзгісі үлкен шаң
бөлшектері мен тұрмыстық иісті кетіреді; HEPA-
сүзгісі 0,3 мкм немесе одан да көп мөлшердегі
ластаушы заттардың 99,97%-ын, тозаң мен
шаң кенелерін ұстап қалады, сонымен қатар
PM2,5 жұқадисперсті шаңды сүзеді.
Назар аударыңыз! Ауа тазартқыш көміртек
(СО) немесе радон (Rn) тотығын ұстап
қалмайды, сондықтан оны өрт болған немесе
қауіпті химиялық заттар лақтырысы болған
кезде ауаны тазалау үшін пайдалануға болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрлік аспапты пайдалануға беру кезінде
жарақат алу, өрттің пайда болу немесе электр
тогының соғу қаупін азайту үшін негізгі қауіпсіздік
техникасы шараларын сақтау қажет, мыналарды
қоса:
•
Құралды қоспас бұрын нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз.
•
Бірінші рет қосар алдында, желілік адаптердің
жұмыс кернеуі электрлік желідегі кернеуге
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Тек жеткізу жинағына кіретін желілік адаптерді
ғана пайдаланыңыз.
•
Іске қосылған құралды қадағалаусыз
қалдырмаңыз.
•
Құралды үй-жайлардан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құралды жуынатын бөлме сияқты ылғалдығы
жоғары деңгейдегі үй-жайда пайдалануға
болмайды.
•
Ешқашан дымқыл қолмен желілік адаптердің
корпусын ұстауға болмайды.
•
Құралды қыздырғыш құрылғылардың жанында
пайдалануға болмайды.
•
Құралды аэрозольдер шашырайтын жерде
не болмаса тез тұтанатын сұйықтықтар
пайдаланылатын жерде қоспаңыз.
•
Ауа өтетін торды жаппаңыз және оған қандайда
бір затты салмаңыз.
•
Балалар қауіпсіздігіне байланысты орам
ретінде
пайдаланылатын
полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе орам үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қаупі!
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғы корпусын
ұстауына балаларға рұқсат бермеңіз.
•
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
•
Егер жұмыс істеп тұрған құрылғы маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі
адамдар болса, аса сақ болыңыз.
•
Осы құрылғы балалардың қолдануына
арналмаған.
•
Жұмыс кезінде және жұмыс циклы арасындағы
үзілістерде құрылғыны балалардың қолы
жетпейтін жерде орналастырыңыз.
•
Дене,
сенсорлық
немесе
ақыл-сана
мүмкіндіктері төмендетілген тұлғалардың
(балаларды қоса алғанда) немесе оларда
өмірлік тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер
олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген
болмаса, аспап олардың пайдалануына
арналмаған.
Содержание VT-8558
Страница 1: ...1 VT 8558 3 6 10 14 17 Air purifier...
Страница 2: ...1 1 2 7 8 9 10 16 17 18 15 20 22 11 19 12 13 14 4 3 5 21 6 2 3 5 4 8 4 2 1...
Страница 6: ...6 VT 8558 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1 2 4 8 14 15 16 17 18 19 20 21 22 3 HEPA 99 97 0 3 PM 2 5 Rn...
Страница 10: ...10 VT 8558 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1 2 4 8 14 15 16 17 18 19 20 21 22 3 HEPA 0 3 99 97 PM2 5 Rn...
Страница 13: ...13 24 25 100 240 50 60 24 1 25 30 2 180 3 info vitek ru 3 i i i i i i i i i i i i...