14
ҚАЗАҚША
ЭЛЕКТРЛІК ҰСТАРА VT- 8270
СИПАТТАМАСЫ
1.
Қорғаныс қалпақшасы
2.
Қырынатын блок
3.
Қырынатын блоктың шешілмелі бөлігі
4.
Қырынатын блоктың шешілмелі корпусы
5.
Корпусы
6.
Іске қосу/өшіру түймесі
7.
Аккумуляторлық батареяның қуаттандыру
индикаторы
8.
Жұмыс индикаторы
9.
Желілік адаптерді қосуға арналған ұя
10.
Триммер
11.
Триммер бекіткіші
12.
Желілік адаптер
13.
Желілік адаптердің штекері
14.
Тазалауға арналған қылшақша
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құралды пайдалану беру алдында осы пайдалануға
беру жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және
оны анықтама материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз. Құралды тек осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана қолдану керек. Құралды
дұрыс қолданбау оның сынуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруіне
әкелуі мүмкін.
• Аккумуляторлық батареяны бірінші рет қуаттандыру
кезінде электр желісіндегі кернеудің желілік адаптердің
жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Электрлік ұстараны мақсаты бойынша ғана
пайдаланыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз
қалдырмаңыз.
• Ұстараны жұмыс кезіндегі үзілістерде, сондай-ақ оны
пайдаланбайтын кезде өшіру керек.
• Құралды ылғалдылығы мен температурасы жоғары
жерлерде қуаттандыруға болмайды.
• Аккумуляторды қуаттандыруды 0°C бастап
+35°C дейінгі температурада және 80% аспайтын
салыстырмалық ылғалдылықта жүргізіңіз.
• Электрлік ұстараны қуаттау үшін жеткізілім жинағына
енетін желілік бауды ғана пайдаланыңыз.
• Желілік адаптерді ыстық беттердің және ашық оттың
қасында орналастыруға болмайды.