15
ҚАЗАҚША
суда тұздар көп болса, оның ішінде кермектілік
тұздары болса, онда минералды шөгінділер
қазандықта айтарлықтай мөлшерде жиналады.
Бұл будың пайда болуын қиындатады және сынуға
әкелуі мүмкін. Ққа үлпектері клапандар мен келте
құбырларды бітеуі мүмкін. Сондықтан қақтың
пайда болуын және тұздың жиналуын азайту үшін
деминерализацияланған немесе дистиллденген
суды пайдалану ұсынылады.
• Кәдімгі құмыра сүзгілері судан минералдар мен
тұздарды алып тастамайды. Бұл мәселені арнайы
деминерализация сүзгілері жеңе алады.
• Егер сіз бөтелкедегі ауыз суды қолданғыңыз келсе,
оның жалпы минералдануын біліп алыңыз (әдетте
затбелгіде көрсетілген) және оны су құбыры суының
көрсеткіштерімен салыстырыңыз (оларды сумен
жабдықтау ұйымының сайтынан немесе интернеттен
табуға болады). Әдетте, бөтелкедегі судың
минералдануы 100-400 мг/л құрайды. Краннан аққан
судың минералдануы бірнеше есе аз болуы мүмкін,
сондықтан бөтелкедегі суды пайдалану қақтану
мөлшерін арттырады.
Назар аударыңыз! Қазандықтағы қақ пен тұздың
шөгінділерін тексервис орталығының жағдайында
жоюға болады, бұл әрекет кепілдік қызмет көрсету
шарттарына жатпайды және ақылы болып табылады.
ТАЗАЛАУ және КҮТІМ
• Аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Сұйыққоймадан (4) қалған суды ағызыңыз.
• Бу швабрасы корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
• Шүберекті (12) қондырма-швабрадан (1) шешіп алмас
бұрын, ол суығанға кейін бірнеше минут күтіңіз.
• Микрофибрадан жасалған шүберекті кір жуғыш
машинада 60°C-тан аспайтын температурада
сақтағыш режимде жууға болады.
• Шүберек кірді жақсы сіңіруі үшін, ешқашан
ағартқышты, шаюға арналған құралды және
кондиционерді пайдаланбаңыз. Шүберек кептіргіш
машинасында кептіруге жарамды.
• Қолмен жуған кезде жұмсақ жуғыш құралын
қолданыңыз және оны көлденең кептіріңіз.
Суға арналған сұйыққойманы тазарту
• Суға арналған сұйыққойманы мезгілімен жуып
отыры ңыз. Сұйыққоймадағы судың тұрып қалуына
жол бермеңіз.
• Суға арналған сұйыққойма ішінде жиналған әк
шөгінділерді тазарту үшін суға толып тұрған
сұйыққоймаға бір немесе екі ас қасық ақ сірке суын
қосып, суға арналған сұйыққойманың қақпағын
жауып, ішіндегісін шайқаңыз, содан кейін төгііз
сұйыққойманы таза сумен шайыңыз.
Ескертпе: Егер сіз үнемі тазартылған суды
қолдансаңыз, суға арналған сұйыққойманы тазартудың
қажеті жоқ.
Назар аударыңыз! Әк шөгінділерінен әрбір
тазартудан кейін жүйеде қақ пен кір қалмағанына
көз жеткізу үшін, қолайлы оқшауланған жерде сынақ
тазалау өткізіңіз.
САҚТАЛУЫ
Ескертпе: Швабраны қолданғаннан кейін, қуаттан-
дырудан өшірмес бұрын суға арналған сұйыққойманы
шығарып алыңыз, содан кейін бу шығуы тоқтағанша
біраз уақыт өнімді жұмыс істетіңіз.
• Аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен
ажыратыңыз.
• «Тазалау және күтім» бөлімінің талаптарын
орындаңыз.
• Желілік бауды орауға арналған арнайы ілгектерге
ораңыз (7, 9) (сур. 5).
• Швабраны тік күйінде қойыңыз.
Ескертпе: Швабраны сақтаудың ыңғайлылығы үшін
тік тұрақ орны қарастырылған. Швабраны тік тұрақ
орнына ауыстыру үшін, қондырма-швабраны (1)
аяғыңыздың ұшымен еденге сәл басыңыз, содан кейін
тұтқаның артына (6) корпусты (2) тік күйге келтіріп,
шертілгенге дейін сәл алға басыңыз.
• Бу швабрасын құрғақ және салқын, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
АҚАУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ
Техникалық қызмет көрсету немесе ақаулықтарды тексеру жұмыстарын жүргізбестен бұрын аспапты толығымен
суытыңыз.
Қиындық
Себебі
Шешімі
Әлсіз бу
немесе
будың
болмауы
Суға арналған сұйыққоймада су
таусылды
Суға арналған сұйыққоймаға су құйыңыз
Бу шығатын тесіктердің бітелуі
Бу шығатын тесіктерді тазалаңыз (қылшақтың төменгі
жағында орналасқан)
Суға арналған сұйыққоймаға әк және
тұз шөгінділері жиналған
Суға арналған сұйыққоймадан әк пен тұз шөгінділерін
жойыңыз.
Қазандықта қақ түзілімі пайда болды Қазандықтан қақты жойыңыз.
Рәсім авторландырылған сервистік орталық
жағдайында жүргізіледі және кепілдікке жатпайды
Құрылғы
қосылмайды
Қуаттандыру берілісі жоқ
Құрылғының электр розеткасына қосылғанына көз жеткізіңіз
Қосу батырмасы басылмаған
Қосу батырмасын басыңыз
Сақтандырғыш жанып кетті
Авторланлған сервис орталығына жүгінііз
Егер мәселелер сақталса немесе жоғарыда көрсетілмеген болса, авторланған сервис орталығына жүгінііз (
www.vitek.ru
)
немесе Клиенттерді қолдау қызметіне жүгінііз.