
20
ҚазаҚша
•
Құрылығыны қараусыз қалдырмаңыз және
аспапты пайдаланбасаңыз, оны әрқашан
желіден ажыратыңыз.
•
Күйіктерге жол бермеу үшін бушығарғыш
қақпағының үстінен төнбеңіз. Мультипісіргіш
қақпағын тағамдарды пісіру уақытында және
тікелей пісіріп болғаннан кейін ашқанда аса
сақ болыңыз. Будан күйік алу қаупі бар!
•
Құрылғы «Қуыру» бағдарламасында жұмыс
істеген уақытта, ыстық майға күйіп қалмау үшін
аспаптың үстінен төнбеңіз.
•
Құрылғы жұмыс істеген уақытта мультипісіргіш
қақпағын ашық қалдырмаңыз, «Қуыру»
бағдарламасында жұмыс істегенде ғана
болады.
•
Мультипісіргіш жұмыс істеген уақытта
қақпақтың бетіне қолыңызды тигізбеңіз, тек
қақпақты ашу батырмасына басқан кезде ғана
қақпақты ашуға болады.
•
Ыстық будан күйік алуға жол бермеу үшін
мультипісіргіш қақпағын ашқан кезде аса сақ
болыңыз.
•
Бу шығатын саңылауларды тазалықта ұстаңыз,
ластанған кезде оларды тазалаңыз.
•
Аспапты орнатылған тостағансыз пайдалануға
қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар
тостағандағы жеткілікті көлемдегі сұйықтықсыз
және тағамдарсыз пайдалануға тыйым
салынады.
•
Қақпақтың ішкі жағындағы бүлінген силикон
төсенішпен мультипісіргішті пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрғақ тағамдардың және сұйықтықтардың
көлемі бойынша ұсыныстарды қатаң сақтаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда тостағанды
шығармаңыз.
•
Құрылғыны жұмыс уақытында бүркеп
жаппаңыз.
•
Назар аударыңыз!
Тағамдарды буға
дайындаған кезде тостағандағы сұйықтық
деңгейін бақылаңыз, қажеттілігі бойынша
тостағанға суды құйып отырыңыз.
Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз!
•
Құрылғыны жұмыс істеген жағдайда
тасымалдауға тыйым салынады. Құрылғыны
алдынала желіден ажыратып, тостағанды
шешіп және оған салқындауға уақыт
беріп, тасымалдауға арналған қолсапты
пайдаланыңыз.
•
Жұмыс істеген уақытта қақпақ, тостаған және
корпусының бөлшектері қызады, Оларға
қолыңызды тигізбеңіз, ыстық тостағанды
шығару
қажет
болғанда,
асханалық
қолғаптарды пайдаланыңыз.
•
Аспапты уақытында тазалап тұрыңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде
пайдаланылатын
полиэтилен
қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
•
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе қаптама үлдірмен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
•
8 жастан аспаған балаларға құрылғының
корпусына, желілік бауға және желілік баудың
айыртетігіне құрылғы жұмыс істеген уақытта
қол тигізуге рұқсат етпеңіз.
•
Құрылғыны ойыншық ретінде пайдаланбау
үшін балаларға бақылауды жүзеге асырыңыз.
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғының қасында 8 жас
тан аспаған балалар немесе мүмкіндіктері
шектел ген тұлғалар болғанда, аса назар
болыңыз.
•
Берілген құрылғы 8 жастан аспаған
балалардың пайдалануына арналмаған.
•
Берілген құрылғы дене, жүйке, психика
кемшіліктері бар немесе жеткілікті тәжірибесі
және білімі жоқ адамдардың (8 жастан
асқан балаларды қоса) пайдалануына
арналмаған.
Мұндай
тұлғалардың
құрылғыны пайдалануы, олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғаның қарауымен,
оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану және
оны дұрыс пайдаланбаған кезде пайда бола
алатын қауіптер туралы сәйкес және түсінікті
нұсқаулықтар берілген жағдайда ғана мүмкін.
•
Бұзылуларға жол бермеу үшін құрылғыны тек
зауыттық орауда тасымалдаңыз.
•
Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
қауіп тууға жол бермеу үшін оны дайындаушы,
сервистік қызмет немесе баламалы білікті
маман ауыстыруы керек.
•
Аспапты өз бетімен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез
келген ақаулықтар пайда болған кезде,
сонымен қатар құрылғы құлағаннан кейін
аспапты электрлік ашалықтан сөндіріңіз және
кезкелген туындыгерлес (өкілетті) қызмет
көрсету орталығына кепілдік талонында және
www.vitek.ru сайтында көрсетілген хабарласу
мекенжайлары бойынша хабарласыңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ
ТҰРҒЫН
ПАНАЖАЙЛАРДА
ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН,
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ПАНАЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
IM VT-4277.indd 20
15.03.2019 12:06:03