![Vitek VT-2564 Скачать руководство пользователя страница 22](http://html.mh-extra.com/html/vitek/vt-2564/vt-2564_manual-instruction_1035461022.webp)
22
ҚАЗАҚША
– Майлайтын майды (7) жүздердің жылжымалы және
жылжымайтын бөліктерінің байланысатын орнына
жағыңыз.
– Триммерді қуаттандыру сөндіргішіне (3) басу арқылы
сөндіріңіз және майлайтын майдың үйкеліс беті
бойынша таралуы үшін шамамен 30 секунд жұмыс
істетіңіз. Триммерді қуаттандыру сөндіргішін (3) басып,
өшіріңіз және артық майды құрғақ матамен немесе
қағаз майлықпен сүртіп тастаңыз.
Ескертпе:
– Жүздер блогын (6) триммерді қолданған сайын
майлап отырыңыз.
– Жеткізілім жинағына кіретін майды (7) немесе ұқсас
құрылғыларға арналған майды ғана пайдаланыңыз.
– Өсімдік майын немесе құрамына еріткіштер кіретін
майларды пайдаланбаңыз. Еріткіштер булануға
ұшырайды, ал қалған қою май жүздердің қозғалу
жылдамдығын баяулатады.
ТРИММЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
• Қырынудың ең жақсы нәтижелеріне сіздің теріңіз құрғақ
болғанда жетуге болады.
• Қуаттандыру сөндіргішін (3) басып, триммерді қосыңыз.
• Жүздер блогының (6) теріңізге қатысты перпендикуляр
орналасқанына көз жеткізіңіз, жүздер блогы бар
қондырманы (6) бір уақытта қайтарым-ілгерінді
қозғалыстар жасау арқылы жылжытыңыз. Күрт
сызықтар мен мінсіз жиектерге қол жеткізу үшін
жүздердің екі шетін де пайдаланыңыз.
• Бакенбардты, ауыздың немесе мұрынның маңын
детальдау үшін триммер жүзі шеттерінің бірі теріге
тиетіндей етіп ұстаңыз. Бұл әдіс өткір жиектер немесе
сызықтар жасауға мүмкіндік береді.
• Қырынып болғаннан кейін қуаттандыру сөндіргішін (3)
басып, триммерді өшіріңіз.
• Құрылғыны пайдаланған сайын тазалауға арналған
қылшақшаны (8) пайдаланып, жүздер блогы бар
қондырманы (6) тазалап отырыңыз.
ШАШ ҰЗЫНДЫҒЫН РЕТТЕУ
Ұзындық реттегіші (2) қалған шаштың ұзындығын
0,5 мм-ден 10 мм-ге дейін реттеуге мүмкіндік береді: 0.5/1/
1.5/2/2.5/3/3.5/4/4.5/5/5.5/6/6.5/7/7.5/8/8.5/9/9.5/10 мм.
Содержание VT-2564
Страница 1: ...Триммер VT 2563 Trimmer 3 10 18 26 34 41 VT 2564 ...
Страница 2: ...1 5 2 7 8 9 6 3 4 ...