15
ҚазаҚша
–
Алдымен толтырылған сауытты (6), содан
кейін – шүмекті (7) орнына орнатыңыз,
–
Жұмыс камерасы (4) суға толғанға дейін
біршама уақыт күтіңіз.
Ескерту:
–
Алғашқы пайдалану алдында минералды
сүзгіні (10) бөлме температурасындағы
суы бар ыдысқа бірнеше минутқа салып
қою ұсынылады.
–
Сүзгіні (10) қақпақтан (11) сағат тіліне
қарсы бұрап шешіңіз, сүзгіні (10) суы
бар ыдысқа бірнеше минутқа салып
қойыңыз, сүзгіні судан шығарыңыз, судың
қалдықтарына ағып кетуіне мүмкіндік
беріңіз және оны қақпаққа (11) сағат тілі
бойынша тірелгенге дейін бұраңыз.
–
Желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалыққа салыңыз.
–
Батырмаға (13) қол тигізіп, құрылғыны
іске қсоыңыз, осы кездедыбыстық сигнал
шығады, құрылғы «буды» шығарудың
максималды
қарқындылығында
іске
қосылады, дисплейде (2) келесі таңбалар
көрсетіледі: панажайдағы салыстырмалы
ылғалдылық таңбасы (19), «будың» шығу
қарқындылығы (20), жүгіртпе таңбалар
жолағы (23).
–
Ылғалдатқышты сөндіру үшін қайталап
батырмаға (13) қол тигізіңіз.
–
Желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалықтан шығарыңыз.
Ескерту:
–
Жұмыс режимдерін таңдау және белгілеу
батырмалары (3) сенсорлы, қажетті
режимді іске қосу үшін батырмаға қол
тигізу жеткілікті.
–
Дисплейдегі (2) ылғалдылық деңгейінің
көрсетілімдері (19) басқа гигрометрдің
көрсетілімдерінен өзгеше болуы мүмкін.
–
Ылғалдылық деңгейінің көрсетілімдері
панажайдағы ауа температурасына
байланысты болады.
–
Панажайдағы ызғырықтар мен басқа
ауа ағындары ауа ылғалдылығы мен
температурасының
көрсетілімдеріне
бірталай әсерін тигізе алады.
ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІН БАСҚАРУ
БАТЫРМАЛАРЫ
Іске қосу/сөндіру батырмасы (13)
–
Құрылғыны іске қосу үшін батырмаға (13)
қол тигізіңіз, құрылғыны сөндіру үшін тағы да
батырмаға (13) қол тигізіңіз.
«Будың» шығу қарқындылығы
батырмасы (14)
–
Кезектеп батырмаға (14) қол тигізіп, Сіз «бу»
шығуының қажетті қарқындылығын таңдай
аласыз, «будың» шығу қарқындылығы
дисплейде таңбалармен (20) келесі кезекпен
көрсетіледі:
–
төмен қарқындылық,
–
орташа қарқындылық,
–
жоғары қарқындылық.
Панажайдағы салыстырмалы
ылғалдылықты белгілеу батырмасы (15)
–
Батырмаға (15) кезектеп қол тигізіп, сіз
панажайдағы салыстырмалы ылғалдылықтың
қажетті деңгейін 40%-дан 85%-ға дейінгі
ауқымда 5%-дық қадаммен белгілей
аласыз, ылғалдылық деңгейі дисплейде (2)
таңбалармен (19) көрсетіледі, осы кезде
дисплейде жұмыс режимдерінің жолағында
(22) ылғалдылық таңбасы жанады.
–
Қажетті ылғалдылық деңгейіне жеткенде
ылғалдатқыш сөнеді, ылғалдылық деңгейі
төмендегенде аспап қайтадан іске
қосылады.
–
Белгіленген ылғалдылықты сақтау режимін
сөндіру үшін дисплейде (2) панажайдағы
бастапқы ылғалдылық көрсетілгенше
батырмаға (15) қол тигізіңіз.
Таймердің жұмыс істеу уақытын белгілеу
батырмасы (16)
–
Батырмаға (16) кезектеп қол тигізіп, Сіз
таймердің жұмыс істеу уақытын 1-ден
8 сағатқа (1/2/4/8 c. қадаммен) дейінгі
ауқымда 1 сағаттық қадаммен белгілей
аласыз, бұл дисплейде (2) таңбалармен (21)
көрсетіледі.
–
Белгіленген уақытқа жеткенде құрылғы
сөнеді.
–
Таймерді сөндіру үшін дисплейде (2)
таңбалар (21) сөнгенге дейін батырмаға (16)
қол тигізіңіз.
Ионизаторды іске қосу/сөндіру
батырмасы (17)
–
Батырмаға (17) қол тигізгеннен кейін, кері
бөлшектер генераторы іске қосылады
және дисплейде (2) жұмыс режимдерінің
таңбалары жолағында (22) сәйкес таңба
жанады.
–
Ионизация режимін сөндіру үшін тағы да
батырмаға (17) қол тигізіңіз.
IM VT-2335.indd 15
27.02.2017 17:35:48