![Vitek Glutton VT-1810 G Скачать руководство пользователя страница 14](http://html.mh-extra.com/html/vitek/glutton-vt-1810-g/glutton-vt-1810-g_instruction-manual_1036801014.webp)
ҚАЗАҚ
14
- Шаңсорғышты қосудың алдында
шаңжинағыш жəне сүзгі дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Аппараттың тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін тек жеткізу
топтамасына кіретін аксессуарларды ғана
пайдаланыңыз.
- Өндіруші аппаратты дұрыс пайдаланбау
нəтижесінде туындаған ақаулықтар үшін
жауап бермейді.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Егер тазалау кезінде шаңсорғыштың
сорып алу қуаты кенеттен төмендеп кетсе,
шаңсорғышты бірден өшіріңіз де телескоптық
түтіктің немесе иілгіш шлангтің қоқысқа толып
қалмауын тексеріңіз. Шаңсорғышты өшіріңіз
жəне желіден ажыратыңыз, қоқысты алып
тастаңыз, сосын тазалауды жалғастыра
беріңіз.
• Қатты қызып тұрған беттердің дəл жанында,
күлсауыт қасында, сонымен қатар тез
жанатын сұйықтықтарды сақтау орнында
шаңсорғышпен тазалауды жүргізуге
болмайды.
• Желілік ашаны розеткаға тек құрғақ қолмен
қосыңыз.
• Тазалау
алдында
шаңжинағыштың
зақымдануына жол бермеу үшін еденнен
өткір заттарды алып тастаңыз.
• Желілік ашаны розеткадан ажыратқан
кезде ашадан ұстаңыз, желілік кабельден
тартпаңыз.
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ
Шаңсорғышты қаптамасынан шығарыңыз.
Қосудың алдында электр желісінің кернеуі
шаңсорғыштың жұмыс кернеуіне сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Саптама щеткаларды
айырбастау кезінде, сонымен қатар алдын
алу кезінде үнемі шаңсорғышты өшіріп
отырыңыз жəне желілік ашаны розеткадан
ажыратыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
• Шаңжинағыш (17 немесе 24) жəне кіру
сүзгісі (19) дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Иілгіш шлангтің ұшын (6) ауа тартатын
тесікке (8) тірелгенге дейін салыңыз.
Иілгіш шлангті шешу үшін бекіткіш
батырмаларына басыңыз жəне иілгіш
шлангтің ұшын (6) шығарыңыз. (1-сурет).
• Шланг сабына (4) телескоптық ұзарту
түтігін (2) жалғаңыз (2-сурет).
Телескоптық түтіктерді жəне
саптамаларды жалғау
- Телескоптық ұзарту түтігін (2) иілгіш
шлангтің сабына (4) жалғаңыз (2-сурет).
Бекіткіш батырмасын басып, телескоптық
түтіктің төменгі бөлігін қажетті ұзындыққа
шығарыңыз (3-сурет).
1. Еденді/кілемді тазалауға арналған
щетка (1)
• Щетканы (1) ұзарту түтігімен (2) жалғаңыз
(4-сурет).
• Тазалау жүргізіп жатқан беттің
түріне байланысты щеткадағы
ауыстырыпқосқышты қажетті жағдайға
қойыңыз (5, 6-суреттер).
Саңылау саптамасы (25)
Радиаторларды, саңылауларды,
бұрыштарды жəне диван жастықтары
арасындағы жерлерді тазалауға арналған.
Саңылау саптамасын (25) телескоптық
түтікке (2) немесе иілгіш шлангтің сабына (4)
жалғаңыз.
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Жұмыс басында желілік кабельді (20) қажетті
ұзындыққа шығарыңыз да желілік ашаны
розеткаға қосыңыз. Желілік кабельдегі сары
белгі кабельдің максималды ұзындығын
көрсетеді.
Желілік кабельді қызыл белгіден артық
тартуға болмайды.
Шаңсорғышты орнатылған шаңжинағышпен
(17 немесе 24) жəне орнатылған сүзгімен (19)
ғана қосыңыз
.
1.
Шаңсорғышты қосу үшін ҚОС./ӨШІР.
батырмасын (14) басыңыз.
2.
Желілік кабельді орау үшін орау
батырмасын (11) басыңыз да оралып
жатқан сымды қолмен сəл басып тұрыңыз,
бұл сымның ұрылмауы жəне зақымданбауы
үшін қажет.
3. Жұмыс кезінде сіз реттегіш сабын (12)
бұрап, сонымен қатар иілгіш шлангтің
сабында (4) орналасқан механикалық
Vt-1810.indd 14
Vt-1810.indd 14
04.12.2006 16:07:35
04.12.2006 16:07:35