![Scarlett SC-MC410S26 Скачать руководство пользователя страница 21](http://html1.mh-extra.com/html/scarlett/sc-mc410s26/sc-mc410s26_instruction-manual_1208544021.webp)
IM021
21
SC-MC410S26
Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен
шекті қуатының көп тағамдық қасқанның қуатына сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді!
Көп тағамдық қасқан жұмыс істеп тұрғанда, оны ұстау
қажет болса, ас үйге арналған қолғап киіңіз немесе
ұстағышты пайдаланыңыз.
Бетіңіз бен қолыңызды саңылаудан шығатын будан
сақтаңыз.
Бұйымның бу шығатын саңылауына немесе кез келген
басқа бөлшектеріне металл немесе басқа заттарды
сұқпаңыз.
Көп тағамдық қасқанның қақпағын сүлгімен немесе басқа
заттармен жаппаңыз.
Құрылғыны
өз
бетіңізше
жөндеуге
талпынбаңыз.
Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Құрылғыны тазалау алдында оны электр жүйесінен
ажыратыңыз және ол толық суығанша күтіңіз (қыздыру
бөлігі пайдаланғаннан кейін біраз уақыт ыстық болып
тұрады).
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап
шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Көп функциялы бағдарламалар.
Барлық үдеріс автоматты түрде басқарылады.
Тамақ пісіруді бастау уақытын кейінге қалдыру.
40% қуат пен 60% уақыт үнемделетін, жоғары жылу шығаратын пайдалы әрекет
коэффициенті.
Тағамның нәрлі заттектері мен дәмін сақтауға, сондай-ақ тағамды жұмсақ етуге
арналған түгелдей бітеу құрылма.
Әмбебап пісіргіштің түбі күймейтін 3 қабатпен қапталған, оңай тазаланатын шарасы бар.
Шараны ыдыс жуғыш машинада жууға болады. Әмбебап пісіргіштің ыдыс жуғыш
машинада жууға болады.
Сенімді қорғағыш құрылғылар:
-
Температураның қорғаныстық шектегіші. Ол әмбебап пісіргіштің шарасы бос күйінде
немесе шарасыз жұмыс істеген жағдайда, қызуды автоматты түрде тоқтатуға
көмектеседі.
ОРНАТУ
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін
тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша
керек-жарақтар; алмалы кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты
тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты құрғақ,
біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Содержание SC-MC410S26
Страница 3: ...IM022 www scarlett ru 3 SC MC410S26 ...
Страница 24: ......