IM022
S
С-HB42M47
17
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы,
келесі төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы
сумен жуыңыз да, әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға
тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын
дайындау үшін, сан алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Қондырманы қозғалтқыш бөліктің үстіне орнатыңыз. Қондырманы мықтап бекіту үшін,
қондырмадағы меңзер қозғалтқыш бөліктегі бұғаттау белгішесімен сәйкес келетіндей етіп,
оны сағат тілінің бағытына қарсы бұрау керек.
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін, іске қосу алдында блендерді
араластырылатын тамақ өнімдеріне батырыңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-
жидекті ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала
турап алу керек. Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу
керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты
азық өнімдерін ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана
ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз. Шараны шара жетегімен жабыңыз. Жетекті орнына
бекіту үшін жетектегі бекіткіштер шарадағы ойықтарға дәл түсуі қажет.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған
қондырманың шарасын ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа
салып алыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін
пайдаланыңыз. Бұл қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға
болмайды.
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар
қондырманы қозғалтқыш бөлікке орнатыңыз.
Қондырманы мықтап бекіту үшін, қондырмадағы меңзер қозғалтқыш бөліктегі бұғаттау
белгішесімен сәйкес келетіндей етіп, оны сағат тілінің бағытына қарсы бұрау керек.
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық өнімдері салынған шараға
батырыңыз. Жұмысты төмен жылдамдықтан бастаңыз.
КАРТОП ЕЗБЕСІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Қондырманы түйіршіксіз әрі үлпілдеген картоп езбесін жылдам дайындау үшін
пайдаланыңыз.
Қондырманы қозғалтқыш бөліктің үстіне орнатыңыз. Қондырманы мықтап бекіту үшін,
қондырмадағы меңзер қозғалтқыш бөліктегі бұғаттау белгішесімен сәйкес келетіндей етіп,
оны сағат тілінің бағытына қарсы бұрау керек.
Жұмысқа кіріспес үшін қондырманы піскен картоп салынған шараға батырыңыз. Жұмысты
төмен жылдамдықтан бастаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Картоп езбесі үлпілдек әрі дәмді болып шығуы үшін оған шамалы ыстық сүт пен
сары май қосыңыз.
Содержание SC-HB42M47
Страница 8: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 8 70 C...
Страница 9: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 9 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Страница 11: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 11 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 i...
Страница 12: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 12 70 C 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Страница 13: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 13...
Страница 15: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 15 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Страница 16: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 16 70 C 0 C 2...
Страница 17: ...IM022 www scarlett ru S HB42M47 17 XX XXXX XX XXXX...
Страница 40: ......