IM017
www.scarlett.ru
SC-GS135S03
8
беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл
құрылғыны қолдануына болмайды.
Қоректену бауы не шаңышқысы зақымдалған, құлап түскен немесе басқа зақымдары бар құралды
қолданбаңыз. Электр тоғының ұруына тап болмау үшін өздігінен талдауға және жөндеуге
талпынбаңыз, қажет болса сервис орталығына барыңыз.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде
2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ДАЙЫНДАУ
Су құятын сауыттың екі жағындағы дөңестерден ұстап тарта отырып сауытты ағытып алыңыз. Су
құятын сауытқа ең үлкен деген белгіден асырмай су құйыңыз. Сауытты орнына салыңыз.
Аспапты тік қалпында ұстап тұрып бір қолыңызға алыңыз да, екінші қолыңызбен аспапқа шөткені
кигізіп, сырт еткенге дейін бекітіңіз.
Құрылғыны электр желісіне жалғаңыз да, іске қосу түймесін басыңыз.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
Қолмен басқарылатын бумен тегістегіш аспапты пайдалану оңай және ол киімдегі, перделердегі,
сондай-ақ жиһаздағы қатпарларды жазу үшін тамаша жарайды.
Аспапты матаның барлық түрлеріне, зауыттық затбелгіге сәйкес пайдалануға болады.
Бумен тегістегіш аспапты тігінен ілулі тұрған маталарға пайдалану ыңғайлы, ал көлбеу жатқан
маталарда аспаптың жұмыс нәтижесі төмен болады.
Мақта мен зығырды немесе жүн мата мен жібекті таңдау үшін басқару тақтасындағы тиісті түймені
басыңыз.
Киімді ілгішке іліңіз де, матаны сәл тартыңқыраңыз, матаның артқы жағында будан бүлінуі мүмкін
ештеңенің жоғын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Металл әшекейлердің айналасындағы матаны бумен тегістемеген дұрыс.
Бу шығаратын батырманы басып ұстап тұрыңыз. Ыстық бу 45 секундтан кейін беріле бастайды.
Бу үздіксіз берілуі үшін бу шығаратын батырманы «
» қалпына жылжытыңыз.
Асып төгілуден қорғау – аспап оңтайлы қызған күйге жетпейінше, сорғы су беруді бастамайды.
Бумен тегістегішті матаға 5 см-ден аспайтын жерден жақындатыңыз да, жоғары-төмен қозғалтыңыз.
Бумен тегістеу кезінде дырылді сезесіз және ызылдаған жіңішке дыбысты естисіз.
Бу берілуін тоқтату үшін бу шығаратын батырманы босатыңыз.
ЕСКЕРТУ: бумен тегістегіш аспап температурасы жоғары бу шығарады, бумен тегістегіштің жоғарғы
жағын қолмен ұстамаңыз, бумен тегістеу кезінде бу шығатын саңылаулардың өзіңізге
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНУ
Бұл функция аспап 8 минуттан астам уақыт қимылсыз қалдырылған жағдайда, оның автоматты түрде
сөнуіне мүмкіндік береді. Сол арқылы өрт шығу қатерін айтарлықтай азаяды.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Су құятын сауытты ағытып алыңыз да, суды шұңғылшаға төгіңіз. Әр кез пайдаланғаннан кейін
сауыттағы суды төгіп тастау керек.
Бумен тегістегіш аспапты тігінен қойыңыз да, суығанша күтіңіз.
КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Бумен тегістегіш аспаптан шөткені шешіп алыңыз.
Сыртқы жағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Жеміргіш немесе түрпілі тазартқыш заттарды немесе еріткіштерді қолдануға болмайды.
Бумен тегістегіш аспапты суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Аспапты жылу көздеріне жақын жерде немесе күн сәулесі тура түсетін жерлерде сақтауға болмайды.
Бу шығатын саңылаулардың таза екенін әрқашан тексеріп тұрыңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік
және электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы
керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Содержание SC-GS135S03
Страница 5: ...IM017 www scarlett ru SC GS135S03 5 2 45 5 8 2 50 50...
Страница 6: ...IM017 www scarlett ru SC GS135S03 6 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2...
Страница 7: ...IM017 www scarlett ru SC GS135S03 7 45 5 8 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Страница 8: ...IM017 www scarlett ru SC GS135S03 8 0 C 2 45 5 8...