![Scarlett Indigo IS-AP7801 Скачать руководство пользователя страница 38](http://html1.mh-extra.com/html/scarlett/indigo-is-ap7801/indigo-is-ap7801_instruction-manual_1207125038.webp)
36
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
•
Шұрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының
өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға
сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске
пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық
талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы
өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына
кепілдік береді.
•
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық
мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану
ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2
(екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен
мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші
тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны
анықтамалық материал ретінде сақтаңыз.
•
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық
сипаттамасының жапсырмадағы, электр жүйесінде
көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
•
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық
мақсаттарда қолданылады. Құрал өнеркәсіптік қолдануға
арналмаған.
•
Жайдан тыс қолданылмайды.
•
Жабдықты тазалаудың алдында немесе Сіз оны
қолданбасаңыз электр жүйесінен әрқашан сөндіріп
тастаңыз.
•
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін,
құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны
электр жүйесінен дереу сөндіріп тастаңыз және сервис
орталығына тексертіңіз.
•
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе
осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың)
қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам қадағаламаса немесе
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың
бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
•
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі
қадағалап отыру керек.
•
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін
оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік берген
сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер
іске асыруға тиіс.
•
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды
қолданбаңыз.
•
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
•
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге
тимеуін қадағалаңыз.
•
Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және
құрылғының тұлғасын айнала орамаңыз.
•
Аспапты шағын тұйық кеңістікте пайдалануға болмайды.
•
Тордың көздеріне бөгде заттарды сұқпаңыз.
•
Сүзгі ұясының қақпағы жабық болмаса, аспапты электр
желісіне қоспаңыз.
•
Егер бұйым ұзақ уақыт < 0 ºC температурада болса,
қосудың алдында оны кемінде 2 сағат бөлмелік жағдайда
ұстау қажет.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен
жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен
енгізу құқығын өзінде қалдырады.
АУА ТАЗАРТҚЫШТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
•
Ультракүлгін шамы мен кіріктірілген иондағышы бар ауа
тазартқыш үй-жайдың ішінде адамның хал-ахуалы үшін
барынша оңтайлы ауа ортасын сақтауға көмектеседі.
Содержание Indigo IS-AP7801
Страница 1: ......