IM017
www.scarlett.ru
SC-AH986E07
12
Дымдаушыны тазалау барысында құралдың ішкі бөліміне су тигізбеңіз – бұл оны істен шығаруы
мүмкін.
Құралды қосқан кезде ультрадыбыстық түрлендіргішке тимеңіз.
Дымдаушыны тек қана резервуарда су бар кезде ғана қосыңыз. Тұлға деформацияланып немесе
өңі өзгермеуі үшін резервуарға құюға және жууға температурасы 40
0
С жоғары суды қолданбаңыз.
Дымдаушыны жылжытқанда қасындағы суға арналған резервуарды ұстап, тек қана табанынан
алыңыз.
Тозаңдатқыш арқылы су құймаңыз.
Тұлғадағы резервуар мен су беретін түтікшеге металлдар және химиялық заттардың түсуін мүмкін
етпеңіз.
Резервуарда судың қатуын мүмкін етпеңіз.
Құрал жұмыс істеген уақытта суға арналған резервуарды шығармаңыз.
Егер құрал желіге қосылған болса, резервуардағы барлық суды төкпеңіз. Әйтпесе ультрадыбыс
түрлендіргіші істен шығады.
Дымдаушыны жиһазға және электр аспаптарына тікелей жақын орналастырмаңыз,сонымен қатар
оны желдету тесіктерінің жанына қондырмаңыз.
Егер бұйым ұзақ уақыт < 0ºC температурада болса, қосудың алдында оны кемінде 2 сағат
бөлмелік жағдайда ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ: аспапқа су толтырған және оны тазалаған кезде желіден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Іске пайдалану кезінде маңайдағы заттарда ақ түсті өңез түзілуі мүмкін, бұл қалыпты
жағдай, оған судың құрамындағы тұздардың үлкен мөлшері себеп болады, мұндай жағдайда
ылғалдағыш сауытына су толтырардың алдында қосымша сүзгілеуді пайдалануды ұсынамыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ЖҰМЫСЫ
Аспап ауаны ылғалдандыруға арналған.
Аспапты тегіс, құрғақ беткі қабатқа қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа су құярдың алдында аспапты өшіріп, электр қуаты желісінен ажырату керек.
Сауытты ағытып алыңыз да, оның қақпағын бұрап алыңыз.
Су деңгейі шәкіліне қарап таза су құйыңыз.
Қақпағын тығыздап бұраңыз.
Сауыттың сыртқы бетін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Сауытты тұғырына орнатыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Іске қосу
Ауа ылғалдағышты іске қосу немесе өшіру үшін сенсорлы тақтадағы
түймесін басыңыз.
Таймердің параметрлерін орнату
Ылғалдағыштың жұмыс уақытын (1 сағаттан 12 сағатқа дейін) орнату үшін
түймесін басыңыз.
Ылғалдағыштың параметрлері
Дисплейде үй-жайдағы ылғалдылық пен температураның қазіргі мәні кезек-кезек бейнеленеді.
Сіз ылғалдау қарқындылығының деңгейін (1-ден 3-ке дейін) таңдай аласыз. Ол
түймесін
қанша рет керек болса, сонша рет басыңыз.
Су деңгейінің индикаторы
Сауытқа су құю қажет болған кезде ол дисплейде қызыл түспен жанады.
Түнгі режим және дисплейдің жарықтамасы
Аспап дисплейдің жарықтамасының жарықтылығын аспап іске қосылғаннан кейін бірнеше секунд
өткенде автоматты түрде азайтады, бұл түнгі уақытта жайлы ұйқыны қамтамасыз ету үшін өте
қолайлы.
Сонымен қатар,
түймесі басылған кезде, түн ішінде дисплейдің индикаторларының жарықтану
қарқынын азайту үшін дисплейде тек будың таңдалған жылдамдығының саны ғана көрінеді.
Хош иістендіру функциясы
Сауытты тұғырына орнатардан және аспапты тоққа қосардан бұрын хош иіс капсуласына хош иісті
(эфир) майдан бір-екі тамшы тамызыңыз.
Аспапты жоғарыда көрсетілгендей іске қосыңыз.
Содержание Comfort SC-AH986E07
Страница 3: ...IM017 www scarlett ru SC AH986E07 3 ...