![Samsung UE43KU6650U Скачать руководство пользователя страница 51](http://html1.mh-extra.com/html/samsung/ue43ku6650u/ue43ku6650u_user-manual_4054707051.webp)
Ақаулықты түзету және жөндеу
Ақаулықты түзету
Егер ТД-да ақау бар сияқты болса, әуелі осы ықтимал ақаулықтар мен шешімдер тізімін қараңыз. Сондай-ақ, эл.
нұсқаулықтың Ақаулықты түзету бөлімін қараңыз. Егер ақаулықты түзету үшін берілген кеңестердің біреуі де
көмектеспесе, “www.samsung.com” торабындағы Қолдау пәрменін басыңыз немесе осы нұсқаулықтың артқы
мұқабасындағы тізімде көрсетілген байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.
-
Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі технология бойынша жасалған кіші пикселдер қолданылды.
Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы
жұмысына әсер етпейді.
-
ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз.
Қазір жаңарту
немесе
Автоматты жаңарту
функцияларын ТД мәзірінен (
>
Баптаулар
>
Қолдау
>
Бағдарламалық құралды
жаңарту
>
Қазір жаңарту
немесе
>
Баптаулар
>
Қолдау
>
Бағдарламалық құралды жаңарту
>
Автоматты
жаңарту
) арқылы қолданыңыз.
ТД іске қосылмайды.
•
АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
•
Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына және ТД-ға қуат индикаторы қанық қызыл түспен жанып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
•
ТД-дың Қуат түймесін басып, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер
ТД қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.
Сыртқы құрылғыдан сурет/бейне/дыбыс немесе бұрмаланған сурет/бейне/
дыбыс шығып тұрған жоқ немесе ТД-да "Сигнал әлсіз не жоқ" хабары көрсетіледі
немесе арнаны таба алмай тұр.
•
Қосылымның құрылғыға дұрыс жалғанғанына және барлық сымдардың толық қосылғанына көз жеткізіңіз.
•
ТД-ға және сыртқы құрылғыларға қосылған барлық сымдарды ағытып, қайта жалғаңыз. Егер мүмкін болса жаңа
сымдарды қолданыңыз.
•
Дұрыс сигнал көзінің таңдалғанын (
>
Сигнал көзі
) растаңыз.
•
Ақаулық ТД немесе құрылғыдан екенін анықтау үшін ТД-дың өзіндік диагностикасын орындаңыз. (
>
Баптаулар
>
Қолдау
>
Өзін-к диагностика
>
Сурет сынағын бастау
немесе
Дыбыс сынағын бастау
).
•
Сынақтың нәтижелері қалыпты болса, барлық қосылған құрылғының қуат сымын ағытып, қайта жалғап
құрылғыларды қайта іске қосыңыз. Мәселе сонда да шешілмесе, қосылған құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығындағы қосылымды жүзеге асыру нұсқауын қараңыз.
•
ТД кабель қорапшасына немесе жерсерік ресиверіне қосылмаса,
Автоматты баптау
функциясын арналарды іздеу
үшін (
>
Баптаулар
>
Тарату
>
Автоматты баптау
) қосыңыз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
•
Қашықтан басқару пультіндегі Қосу түймесін басқанда,ТД-ға қуат индикаторының жыпылықтап тұрғанын-
тұрмағанын тексеріңіз. Егер жыпылықтамаса, қашықтан басқару пультіндегі батареяларды ауыстырыңыз.
•
Батареялардың полюстерінің (+/–) дұрыс бағытта орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•
Қашықтан басқару пультін ТД-ға 5-6 фут (1,5~1,8 м) қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
•
Қашықтан басқару пульті ТД-мен (Блютуспен қашықтан басқару) бірге жабдықталған болса, қашықтан басқару
пультін ТД-ға қосарлаңыз. (Эл. нұсқаулықтан қараңыз).
Кабель немесе жерсерік ресиверінің қашықтан басқару пульті, ТД-ды іске
қоспайды не сөндірмейді немесе дыбысын реттемейді.
•
Кабель немесе жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, ТД-ды басқаратын етіп бағдарламалаңыз.
SAMSUNG ТД кодын, Кабель немесе жерсерік ресиверінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Казақ - 7
Ка
зақ
KU6640_50_70_RU_BN68-07866Y-00_L04.indb 7
2016-05-26 오전 8:56:22