ТД-ды тұрғыға бекіту
Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында
көрсетілген жолмен құрастырыңыз.
Сақтық шарасы: ТД-ды қабырғаға бекіту
Абайлаңыз:
ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ТД құлап кетуі мүмкін.
Сондай-ақ, балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына
көз жеткізіңіз. Себебі ТД аударылып кетіп, адам қатты жарақат алуы немесе
мерт болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы
сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Қосымша тұрақтылық пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төменде сипатталған, аударылып қалуға
қарсы құралды сатып алып орнатыңыз.
ТД-дың құлап қалуына жол бермеу
Бұл жалпылама нұсқаулар. Samsung қапсырма, бұранда және бау тәрізді заттармен қамтамасыз етпейді. Оларды
жеке сатып алу керек. Нақты жабдық немесе құлап қалудың алдын алатын жабдық туралы кеңес алу үшін орнату
технигіне немесе ТД орнататын білікті маманға хабарласыңыз.
1.
Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап бекітіңіз.
Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.
-
Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша зат
қажет болуы мүмкін.
2.
Бұрандаларды ТД-дың артындағы орта тұсынан алыңыз да, қапсырмаға
салыңыз, содан кейін бұрандаларды қайтадан ТД-ға бекітіңіз.
-
Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда,
келесі техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды сатып алыңыз.
3.
ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды
берік сым арқылы жалғап, содан кейін сымды мықтап байлаңыз.
-
ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.
-
Қабырғаға бекітілген қапсырмалар ТД-ға бекітілген қапсырмалармен
бір деңгейде немесе олардан төменірек тұру үшін оларды сыммен
қосып байлаған дұрыс.
-
Сымды ТД-ды жылжытпай тұрып шешіңіз.
4.
Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Қосылымдардың босап не ескіріп қалмағанын мезгіл-мезгіл тексеріп
отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, орнатушы
маманға хабарласыңыз.
Казақ - 13
Каз
ақ
[UJ6200-RU]BN68-07177H-03L04.indb 13
2015-05-04 오전 10:45:03