
Сымсыз батарея топтамасын пайдалану
8
•
Сатып алынған сымсыз батарея топтамасына байланысты тағы да бір
зарядтағышты сатып алу қажет болуы мүмкін.
•
Зарядтау шарттарына байланысты зарядтау уақыты әртүрлі болуы мүмкін.
•
Мобильді құрылғының немесе сағаттың сымсыз индукциялық зарядтау
шарғысының орналасқан жеріне байланысты, мобильді құрылғы немесе сағат
дұрыс зарядталмауы мүмкін.
•
Жылдам зарядтауды бастау үшін жылдам зарядтауға қолдау көрсететін мобильді
құрылғыны немесе сағатты сымсыз батарея топтамасына жалғаңыз.
•
Зарядтағыш сымсыз батарея топтамасына жалғанған кезде кабель арқылы немесе
сымсыз зарядтауға болады. Дегенмен, мобильді құрылғы немесе сағат кабель
арқылы толық зарядталғаннан кейін, сымсыз зарядтау мүмкіндігі қолжетімді
болады.
•
Сымсыз батарея топтамасының қуаты аз болса, сымсыз зарядтау тоқтатылуы
мүмкін.
•
Егер сымсыз батарея топтамасы, мобильді құрылғы немесе сағат зарядталмай
жатса, онда оны қайта іске қосу үшін сымсыз зарядтау құрылғысы түймесін
7 секунд бойы басып тұрыңыз.
•
Егер мобильді құрылғыға қалың құндақ бекітілген болса, сымсыз зарядтағыш
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер құндақ қалың болса, мобильді құрылғыны
сымсыз батарея топтамасына қояр алдында, оны алып тастаңыз.
•
Сымсыз зарядтау кезінде зарядтағышты мобильді құрылғыға немесе сағатқа
жалғасаңыз, сымсыз зарядтау функциясы қолжетімді болмайды.
•
Сымсыз батарея топтамасы желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған
кезде, желі қосылымы ажырауы мүмкін.
•
Сымсыз зарядтау кезінде қоңырау шалып, жауап берген жағдайда қоңыраудың
сапасы төмендеуі немесе сымсыз зарядтау тоқтатылуы мүмкін. Мобильді
құрылғыны немесе сағатты сымсыз батарея топтамасынан алғаннан кейін
пайдаланыңыз.
•
Сымсыз батарея топтамасы қосалқы сыртқы батарея болып табылады. Ол кейбір
ұялы құрылғыларды немесе сағаттарды толық зарядтамауы мүмкін.
•
Сымсыз батарея топтамасына тым ыстық немесе суық температуралар әсер етсе
немесе қате орын алса, индикатор шамы жыпылықтайды. Мобильді құрылғыны
немесе сағатты сымсыз зарядтағыш топтамасынан ажыратып, қайта жалғаңыз.
•
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін,
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розеткасынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы
керек.
Қазақ тілі
8
Содержание EB-U3300
Страница 1: ...www samsung com USER MANUAL 02 2020 Rev 1 0 EB U3300 WIRELESS BATTERY PACK ...
Страница 292: ...1 请先阅读说明文件 请先阅读本手册 以确保安全和正确使用 使用无线电池组之前 确保它与您的设备兼容 指示图标 警告 可能伤及自己或他人的情况 注意 可能损坏您的设备或其他设备的情况 通知 注释 使用提示或附加信息 简体中文 1 ...
Страница 295: ...入门指南 4 充电中 首次使用无线电池组前或长时间未用无线电池组后 请先为电池充电 1 将无线电池组连接至充电器 将充电器正确连接至无线电池组后 指示灯会亮起然后闪烁 2 无线电池组充满电后 从充电器断开无线电池组连接 简体中文 4 ...
Страница 297: ...6 使用无线电池组 为设备充电 通过数据线充电 1 将 USB 数据线的一端连接至无线电池组的 USB 充电器插口 然后 将 USB 数据线的另一端插入至移动设备的多功能插口 2 当移动设备充满电后 从电池组移除移动设备 简体中文 6 ...