48
49
48
49
Найзағай жарқылдаған кезде, жүйені дереу сөндіріңіз де,
қорек сымын розеткадан алып, телефон сымын модемнен
ағытыңыз. Модем немесе телефонды қолданбаңыз.
Электр тоғына түсу немесе өрт шығу қаупі бар.
Компьютеріңізді және АТ адаптерін тізеңізге немесе
жұмсақ жерге қойып қолданбаңыз.
Егер компьютердің температурасы жоғарыласа, күйіп
қалуыңыз мүмкін.
Тек рұқсат етілген құрылғыларды ғана
жалғастырғыштарға немесе компьютер ұяшығына
жалғаңыз.
Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
СКБ панелін тек ноутбуктің сөндірілгенін тексергеннен
кейін ғана жабыңыз.
Температурасы жоғарылап, өнім қатты қызып кетуі және
деформацияланып қалуы мүмкін.
Eject (шығару) түймешігін Диск/CD-ROM жұмыс жасап
тұрғанда баспаңыз.
Деректерді жоғалтып алуыңыз және диск кенет шығып кетіп,
жарақат алуыңыз мүмкін.
Өнімді қолдану барысында құлатып алмаңыз.
Жарақаттанып қалуыңыз немесе деректеріңізді жоғалтып
алуыңыз мүмкін.
Антеннаны электр тоғы бар құрылғыға, мысалы розеткаға
тигізбеңіз.
Электр тоғына түсу қатері бар.
Компьютер бөлшектерін пайдаланғанда, бөлшектермен
бірге келген нұсқауларды орындаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда өнімге зақым келуі мүмкін.
Компьютерден түтін немесе күйген иіс шықса, ашаны
розеткадан ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығына
дереу хабарласыңыз. Егер ноутбукке сыртқы және
алмалы батарея орнатылған болса, сыртқы батареяны
алыңыз.
Өрт шығу қаупі бар.
Бүлінген немесе өзгеріс енгізілген CD/дискті қолданбаңыз.
Өнімге зақым келтіруіңіз немесе өзіңіз жарақат алуыңыз
мүмкін.
Саусағыңызды ДК-дің карта салынатын ұяшығына
сұқпаңыз.
Жарақаттану немесе электр тоғына түсу қатері бар.
Компьютерді тазалау үшін компьютер тазалауға үшін
арнайы ұсынылған шайғыш затты қолданыңыз және
компьютерді тек әбден кепкеннен кейін ғана іске қосыңыз.
Бұлай істемегенде, электр қатеріне ұшырау немесе өрт шығуы
мүмкін.
Диск айналып тұрғанда, қағаз қапсырмасын қолданып
оны жедел шығарып алуға болмайды. Тек оптикалық
диск тоқтап қалса ғана дискіні жедел шығарып алу тәсілін
қолдануға болады.
Жарақаттанып қалу қаупі бар.
Оптикалық диск жұмыс істеп тұрғанда бетіңізді диск
салғышқа жақындатпаңыз.
Кенет алынып қалса, жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
CD дискілерін қолданар алдында, жарылып қалмағанын
тексеріңіз.
Бұлай істегенде диск бүлінуі және құрылғыға зақым келуі,
пайдаланушы жарақаттанып қалуы мүмкін.
Бағдарламалық жасақтаманы
жаңартау туралы
Өнім немесе оның бөлшектерін абайлап ұстаңыз.
Құрылғыға зақым келуі немесе өзіңіз жарақаттанып қалуыңыз
мүмкін.
Компьютер немесе құрылғыны лақтырмаңыз немесе
құлатып алмаңыз.
Жарақаттанып қалуыңыз немесе өнімді бүлдіруіңіз болуы
мүмкін.
Компьютерді құрастырып болғаннан кейін, тоққа
қосардың алдында оның қақпағын жабуды ұмытпаңыз.
Егер денеңіз компьютердің ішкі бөлшегіне тисе, электр
тоғының қатерлі әсеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Тек Samsung Electronics рұқсат еткен бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда өнімге зақым келуі немесе өрт
қатері орын алуы мүмкін.
Өнімді ешқашан өзіңіз бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз.
Электр тоғына түсу немесе өрт шығу қаупі бар.
Samsung Electronics өндірмеген немесе рұқсат етпеген
құрылғыны жалғау үшін, оны жалғамай тұрып қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өнім бүлініп қалу қаупі бар.
Деректерді сақтау және жылжыту
Өнімді орнынан жылжыту үшін электр тоғынан
ажыратыңыз және оған жалғанған сымдардың барлығын
ағытыңыз.
Өнімге зақым келуі немесе пайдаланушылар компьютер
сымдарын басып кетуі мүмкін.
Ноутбук компьютерді ұзақ уақыт қолданбасаңыз,
батареясын алыңыз да, жеке сақтаңыз. (Сыртқы және
алмалы батареясы бар үлгілер үшін)
Батарея жеке жерде барынша жақсы сақталады.
Көлік жүргізіп келе жатқанда компьютерде жұмыс
істемеңіз немесе оған қарамаңыз.
Жол апатына ұшырау қаупі бар. Назарыңызды көлік жүргізуге
аударыңыз.
Содержание 300E4Z
Страница 2: ...2 ...