![Philips Sonicare HealthyWhite HX6711/02 Скачать руководство пользователя страница 108](http://html.mh-extra.com/html/philips/sonicare-healthywhite-hx6711-02/sonicare-healthywhite-hx6711-02_user-manual_298871108.webp)
108
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және
Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды
судан алыс ұстаңыз. Оны су бар ваннадағы, душ
кабинасындағы, шұңғылшадағы, т.б. үстіне немесе
жанына қоймаңыз не сақтамаңыз. Зарядтағышты
және/немесе дезинфекторды суға немесе
кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
Тазалағаннан кейін, қуат көзіне қоспай тұрып
зарядтағыштың және/немесе дезинфектордың
толығымен құрғағанын тексеріңіз.
Абайлаңыз!
-
Ток сымын ауыстыруға болмайды. Егер ток
сымы зақымдалса, зарядтағышты және/немесе
дезинфекторды тастау керек.
-
Қауіпті болдырмау үшін әрқашан зарядтағышты
және/немесе дезинфекторды бастапқы түріне
жататынымен ауыстырыңыз.
-
Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды
сыртта немесе қызып тұрған беттердің
жанында пайдалануға болмайды.
Дезинфекторды аэрозольдық (спрей) өнімдер
пайдаланылатын немесе оттегі реттелетін
жерде пайдалануға болмайды.
ҚАЗАҚША