![Philips SCF285SCF284 Скачать руководство пользователя страница 44](http://html.mh-extra.com/html/philips/scf285scf284/scf285scf284_user-manual_284643044.webp)
44
-
Ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
Philips компаниясы, Philips рұқсат берген қызмет орталығы немесе
тиісті білімі бар маман ғана ауыстыру керек.
-
Электр бу стерилизаторында қызмет көрсетілетін бөлшектер жоқ.
Стерилизаторды өзіңіз ашуға, қызмет көрсетуге немесе жөндеуге
әрекет жасамаңыз.
-
Стерилдеу барысында құрал қатты қызады. Ұстаса, теріні күйдіруі
мүмкін.
-
Қақпақтағы желдеткіштен және қақпақты ашқанда шығатын ыстық
будан байқаңыз. Бу теріні күйдіруі мүмкін.
-
Стерилдеу барысында және стерилдеп болғаннан кейін негізді,
себеттерді және қақпақтарды бірден ұстамаңыз — олар өте ыстық
болады. Қақпақты тұтқасынан ұстап қана ашыңыз.
-
Құрал қосылып тұрғанда немесе ішіндегі су әлі ыстық болса, оны
қозғауға немесе ашуға болмайды.
-
Құрал қосылып тұрғанда, үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
-
Тек ешқандай қоспасы жоқ суды қолданыңыз.
-
Ағартқыш немесе басқа химиялық заттарды құралға құймаңыз.
-
Стерилизаторда тек нәресте бөтелкелерін және стерилдеу үшін
жарамды басқа заттарды стерилдеңіз. Стерилизатор үшін жарамды
екенін тексеру үшін, стерилденетін заттардың пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
-
Жұмыс барысында тоқтату үшін, құралды ток көзінен ажыратыңыз
(SCF285/SCF284) немесе қосу түймесін басыңыз (SCF287/SCF286).
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
Ескерту.
-
Philips арнайы ұсынған болмаса, Philips компаниясынан басқа өндірушілер
шығарған қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды.
Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз күшін жояды.
-
Құралды қатты ыстық жерге немесе тікелей күн сәулесінің астына
қоймаңыз.
-
Орнынан қозғалту немесе жинап қою үшін, құралды алдымен суытып
алыңыз.
-
Себеттің түбіндегі тесіктерден өтіп кететін өте ұсақ заттарды
стерилдемеңіз.
-
Құрал қосылып тұрғанда, қыздыру элементінің үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
-
Құласа немесе зақымдалса, құралды пайдаланбаңыз. Philips рұқсат
берген қызмет орталығына апарып, жөндетіңіз.
-
Құралды құрғақ, орнықты, тегіс және көлденең бетке қойып
пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚША
Содержание SCF285SCF284
Страница 1: ...Cover SCF287 SCF286 SCF285 SCF284 User manual ...
Страница 2: ......
Страница 3: ... explosion 1 1 ...
Страница 4: ......
Страница 106: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ...
Страница 107: ......
Страница 108: ...4203 064 5715 3 ...