
36
Қазақша
Сусыз қайнатудан қорғау функциясы
Бұл шәйнек қайнап суалудан қорғау жүйесімен жабдықталған:
ол ішінде су жоқ немесе жеткіліксіз күйде кездейсоқ қоссаңыз,
автоматты түрде өшеді. Шәйнекті 10 минут бойы суытыңыз,
содан кейін шәйнекті түптен көтеріңіз. Содан кейін, шәйнек
пайдалануға қайта дайын болады.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips Avent құралы электромагниттік
өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді.
Шәйнектен қақты шаю ( 3-сурет)
Қолданатын судың кермектігіне байланысты
уақыты келгенде шәйнектің ішінде оны
қолдану мерзіміне әсер ететін қақ пайда
болуы мүмкін. Қақты уақытында шаю
шәйнектің қолдану мерзімін ұзартуға мүмкіндік
береді, оның дұрыс жұмыс істеуіне және
қуатты үнемдеуіне кепілдік береді.
Егер шәйнектің ішінде қақ пайда бола бастаса,
шәйнекті сумен толтырып, кейін оған ақ сірке
суын қосыңыз (7-қадам). Шәйнекті шаяр
алдында, жарты сағат күтіңіз (8-10 қадам).
Сірке суын түгел жою үшін суды екі рет
қайнатыңыз (11-14 қадам).
Су температурасын бір деңгейде ұстау ( 4-сурет)
Су температурасын бір деңгейде ұстау атқарымының көмегімен
суды жылы күйде сақтауға болады.